Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Өзбекстандағы ағайындармен кездестік

23.09.2015

Өзбекстандағы ағайындармен кездестік

     Қыркүйектің 18-20-сы күндері Өзбекстан елінің Ташкент, Самарқанд қалаларында және Навои облысында іс-сапарда болып қайттық. Делегацияны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев басқарып барды.

     Бізді «Ташкент» әуежайынан Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінің қызметкерлері Р.Рустамбеков, Н.Айдаров және Ұлтаралық мәдени орталығының төрағасы Насриддин Мухаммадиев, Республикалық қазақ мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов бастаған бір топ қазақ диаспорасының өкілдері қарсы алды.

     Ташкентте Абай атамыздың 170 жылдығына және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын насихаттау мақсатында  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты «дөңгелек үстел» жиыны өтті. Осы шараға ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Жексембин, ғылым докторлары – Б.Серікбаев, М.Юсупов, С.Мәжитов, тілшілер Г.Юсупов, Е.Абдувахитов, М.Омаров және т.б. қатысты. Онда Талғат Асылұлы Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына арналған медалді Марат Арыновқа құрметпен табыс етті. Биылғы жылы Өзбекстан елінде Абай атамыздың тойы кең көлемде тойланып жатыр екен. Өзбек халқы ұлы ақынға үлкен құрметпен қарайтындарын ризашылықпен таласа айтып жатыр.      

    Кешкісін «Түркістан» сарайында екі елдің өнер шеберлерінің «Достық» атты халықаралық фестивалі өтті. «Денар» және «Серілер» тобы, биші Гүлнар Нұрсұлтан мен әнші Уатқан Захан, сондай-ақ, өзбекстандық әртістер мен өнерпаздар қатысты. Халық көп жиналды. Наурыз айынан кейін қазақша өткен алғашқы концерт екен, риза болды. Жиі келіп тұруымызды өтінді. Концерт барысында би билеп, кейбірі көздеріне жас алып, толқып отырғандарының куәсі болдық.

      Сапар барысында  Төле би мен Әйтеке би және Жалаңтөс бабалардың басына барып зиярат етіп, құран бағыштадық.  

      Навои облысындағы қазақ қандастарымызбен жолығып, жағдайларымен таныстық. Бұл жерде Навои облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Клара Сәдірбаева бастаған қазақ өкілдері қарсы алды. Олар алыстан іздеп барғанымызға ризашылықтарын білдірді. Ақшагүл ақын өлең оқыды. Кездесу соңы концерттік бағдарламаға жалғасып, алыстағы ағайындар ризашылықтарын білдірді.  Бұл сапарға қолдау білдірген Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетіне және демеушілік жасағаны үшін  «Самұрық-Қазына» АҚ-на алғысымызды айтамыз. Алыстағы ағайын аман болсын!

          Ботагөз УАТҚАН

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті