Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қаламгердің шығармалар жинағы жарық көрді

25.09.2015

Қаламгердің шығармалар жинағы жарық көрді

Г Кабышулы

     Қазақстан Жазушылар одағында жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғаббас Қабышұлының 80 жасқа толуына орай жарық көрген екі томдық шығармалар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл жинақ Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы мен Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бірлескен жобасы нәтижесінде өмірге келді. Кітап Түркияда басылып шықты.

      Тұсаукесер рәсімінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі Мәлік Отарбаев, сатирик-жазушы Мыңбай Рәш, жазушы Уахап Қыдырханұлы, «Президент және халық» газетінің бас редакторы ­Марат Тоқашбаев, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы және тағы басқа зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, қаламгердің шығар­машылығына тоқталды.
     Шара аясында екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосып жүрген журналистер қауымы да ескерусіз қалмады. Қазақстанның халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі Мәлік Отарбаев ұйымның атқарып отырған жұмыстарына тоқталып, содан соң бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың Алғыс хатын тапсырды. Олардың арасында «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Айнаш Есали, «Казахстанкая правда» газетінің тілшісі Раушан Шүленбаева, «Ана тілі» газетінің бөлім редакторы Бағдагүл Балаубаева, «Айқын» газетінің бөлім редакторы Қаншайым Байдәулет, «Ақжүніс-Астана» журналының бас редакторы Сәуле Әбілдаханқызы, «Мәдениет» журналының бөлім редакторы Ақмоншақ Ахмет, «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі Жазира Елшібаева, qazaq-alemi.kz сайтының редакторы Ерлік Кебекбай және тағы басқалар бар.

      Аяжан Тілекқабылқызы

    http://anatili.kazgazeta.kz/?p=32943

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті