Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Жансарай» жарыққа шықты

25.09.2015

«Жансарай» жарыққа шықты

Әшірбек Сығай

             

    «Ана тілі» баспасынан өнердің өрелі жанашыры, бар ғұмырын руханиятымыздың мәуелі мәдениетіне арнаған қайраткер қаламгер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Әшірбек Сығайдың  «Жансарайы» жарыққа шықты.

       Бұл талғампаз өнер зерттеу­ші­сінің шығармашылық еңбектерінің ішіндегі ел жадында қалған ерекше еңбегі – телеэкранға талайды қа­дал­тып тыңдатқан талғамы мол туындысы болатын. «Хабар» те­леар­насынан жүргізген «Жансарай» бағдарламасымен елдің ықыласына бөленген автордың бұл кітабына 2013-2014 жылдары танымал тұлға­лармен жүргізген сыр-сұхбат­тары толықтай жазба күйінде берілді.
      Олар: Дулат Исабеков, Есмұхан Обаев, Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Камал Ормантаев, Кәкімбек Салықов, Кеңес Дүйсекеев, Қайрат Байбосынов, Несіпбек Айтұлы, Әкім Тарази, Төлен Әбдікұлы, Сейіт Қасқабасов, Мырзатай Жолдасбеков, Намазалы Омаш, Тоқтар Әубәкіров, Алмас Алматов, Оразалы Сәбден, Тұрсын Жұртбай, Төлеген Мұхамеджанов, Серік Тұрғынбекұлы, Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі, Роза Мұқанова, Қонысбай Әбілов, Бауыржан Ибрагимов, Серік Қирабаев, Әскербек Есім, Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлтан Оразалин, Тілектес Мейрамов, Бақтияр Артаев, Қажығали Муханбетқалиұлы, Серік Негимов, Кенжеғали Мыржықбай, Қойшығара Салғараұлы, Жақсылық Үшкемпіров, Ғазиза Әбдінәбиева, Төрегелді Шарманов, ­Зейнолла Самашев, Мұрат Жұрынов, Көпен Әмірбектермен болған эфир­лік сырласулардың кітапқа ­айналуы оқырман көңілінен шы­ғары сөзсіз. Өйткені бұл хабар әр кейіпкердің өмірді өнермен, ­өзін­дік ой-толғамдарымен сабақтас­тыра әңгімелеудің сырлы сұхбаты шынайылығымен, тағылым­дылы­ғымен баурағаны әлі есімізде.
      Әрине, жақсы нәрсе ұмытыл­май­ды, айта жүрер жақсыны аңсау да ләзім. Осындай бағдарламасымен көрерменнің көңілінен шыққан «Хабар» телеарнасына «Жансарайды» неге жалғастырмасқа деген ойды да ортаға сала кеткенді орай көріп отырмыз.
       Бұдан көрерменнің де, оқырман­ның да ұтары сөзсіз.

     http://anatili.kazgazeta.kz/?p=32937

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті