Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІІ республикалық байқауы өтеді

25.09.2015

Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІІ республикалық байқауы өтеді

1

     Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің   Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті үстіміздегі жылғы  25 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалі аясында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы    ХVІІ республикалық байқауын өткізеді.

       Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу. Көркем шығармаларды оқып-үйрену мен насихаттауда жастардың ықыласы мен қызығушылығын арттыру.

      Байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) қатысады.  Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Оралхан Бөкейдің және басқа да елімізге белгілі, сөз өнеріміздің дамуына өзіндік үлес қосқан драматург, ақын-жазушыларымыздың кез-келген шығармаларынан үзінді оқып, өз өнерлерін ортаға сала алады.

      Байқау қатысушыларының жұмысы мен жеңімпаздарын зиялы қауым өкілдері мен ғалымдардан құралған қазылар алқасы бағалайды және анықтайды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

   Өтетін күні мен уақыты: 2015 жылғы 25 қыркүйек, сағат: 10.00.

    Өтетін орны: Қазақ ұлттық өнер университеті, «Шабыт» корпусының Жамбыл залы.

      Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласуға болады: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті және Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы.

       Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-03, 8-702-572-62-75; 40-83-93,
8747031132.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті