Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Таразда «Көне Тараз» археологиялық саябағы ашылады

28.09.2015

Таразда «Көне Тараз» археологиялық саябағы ашылады

     Тараз қаласында бұрын Орталық базар орналасқан жерде мерейтойлық салтанаттар күні республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш - «Көне Тараз» археологиялық саябағының ашылуы өтеді, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасынан. 

      Еске сала кетейік, 2011 жылы Тараз Орталық базары басқа жерге көшіріліп, оның орнында көне Тараз қаласының археологиялық қазба жұмыстары басталған. Жұмыстарды жергілікті бюджет қаржыландырды.

     Археологтар VI-XII ғасырларға жатқызылатын шамамен 40 мың артефакт, ортағасырлық қамал, VIII - IX ғасырлардағы мешіт, заратустрашылдықтардың мехрабы, Талас өзені көне аңғарының жағалауын, тұрғын құрылыстарының іргетастарын анықтаған.

      Қазақ хандығының 550 жылдығы салтанаттарының ең ірі нысаны болып табылатын кешен құрылысының жалпы құны 2,5 млрд. теңгені құрайды. «Көне Тараз» саябағы аумағының 20 гектарында кіреберіс аркасы, бақылау мұнарасы, Достық үйі мен конгресс-холдың жанындағы этномәдени орталық, этнографиялық мұражай, «Тараз саздары» стеласы, сондай-ақ «Мыңбұлақ» саябағы орналасқан.

    Археологиялық жұмыстардың барысымен танысатын қонақтарды қарсы алуға Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуовтың қатысуы күтіліп отыр.

    Кешеннің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Сенаты және Мәжіліс депутаттары, министрлер мен ұлттық компаниялардың басшылары, қоғамдық қайраткерлер, шығармашылық интеллигенция және ЖОО-ның өкілдері, ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары шақырылған.  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті