Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

28.09.2015

«Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

      ХI Халықаралық «Еуразия» және «Шәкен жұлдызы» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды.

     Кинофестивальдің басты сыйлығы қырғызстандық режиссер Мирлан Абдықалықовтың «Небесное кочевые» картинасына бұйырды. Ал «Үздік режиссерлік жұмыс» аталымын азербайжандық Эльвир Мусаогудың «Набат» фильмі алды. Сондай-ақ, ердің рөлін үздік сомдағаны үшін «Жат» фильмінің актеры Ерлан Нарымбет және ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін «Набат» фильмінің актрисасы Фатима Мотамед-Арья марапатталды.

    Кинофестивальда шетелдік қазылармен қатар ФИПРЕСС және НЕТПАК киносыншылары да баға берді. Осылайша ФЕПРЕСС сыншыларының сыйлығына қазақстандық режисссер Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум» картинасы ие болды. Ал НЕТПАК ұсынған «Үздік Орта Азия фильмі» аталымы бойынша Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмі үздік деп танылды. Сонымен қатар, «Шлагбаум» фильмінде ойнаған Еркебұлан Даиров пен «Сағынтайдың бірінші жары» фильміне түскен Альфия Сымбаеваға рөлдерін шебер сомдағаны үшін арнайы сыйлық табыс етілді.

      Биылғы кинофестивальдің ұйымдастырушы директоры - қазақстандық режиссер Рашид Нұғманов. Ал, қазылар алқасының құрамында жиырмаға жуық халықаралық премияның лауреаты атанған мавританиялық танымал кинорежиссер Әбдірахман Сиссако бар.

    Естеріңізге салсақ, кинофестивальдердің шымылдығын кинорежиссер Ақан Сатаевтың «Хакер» атты жаңа қазақстандық-канадалық фильмі ашқан болатын. Картинаның презентациясына басты рольді сомдаған, америкалық Каллэн МакОлифф келді.

    Айта кетейік, «Еуразия» 11-ші халықаралық кинофестивалі «Ұлы Жібек жолы: Шығыс пен Батыс мәдениетінің байланысы» деген тақырыбына арналады.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті