Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Халық емшілері Алматыда бас қосты

28.09.2015

Халық емшілері Алматыда бас қосты

     Алматыда 26-27 қыркүйек күндері С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде халық емшілерінің халықаралық конгресі өтті. «Ата-баба мұраларын, Қазақ халық емшілігін жандандырудағы Құртқа тәуіп бабамыздың қалдырған жәдігерлері» деген атпен өткен бұл шараны «Құртқа тәуіп» атындағы академия ұйымдастырды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Қытай, Корея, Моңғолия, Чехия сияқты алыс-жақын шет елдерден емшілер қатысты.      

    ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серікбек Нұрғисаев қатысушыларға: «Ұлы қазақ даласының тарихи тұлғаларын тәуелсіздігіміздің нығайғаен шағында бағалап, дәріптеу біздің кейінгі ұрпақтың негізгі міндеті деп түсінеміз. Халықаралық деңгейде өтіп жатқан бұл шараны еліміздің медицинасы мен  тәжірибелік денсаулық сақтау саласын одан ары дамытудың маңызы қадамы деп санаймын»,  – деген құттықтауын жолдапты.    

      «Бұл конгрестің қазақ медициалық білімінің қара шаңырағы саналатын ұлттық университеттің қабырғасында өтуінің өзі ерекше оқиға. Қазақ медицинасы білімі мен ғылымының орталығына келу біздің емшілеріміз үшін де үлкен абырой деп есептеймін. Енді 5 жылдан кейін Құртқа Сұлтанқожаұлының дүниеге келгеніне 250 жыл болады. Ал келесі жылы бабамыздың дүниеден қайтқанына 110 жыл толады. Біз жазушы Әлібек Әмзеевтен Құртқа тәуіп бабамыз туралы бір көркем шығарма жазуын өтініп отырмыз», – деді конгрестің ашылу рәсімінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев. Ал Құртқа тәуіп академиясының президенті  Шәкен Шынтаев  9 академик  жұмыс жасайтын бұл мекеменің дәстүрлі халық медицинасының дамуына қосқан  үлесі туралы баяндай келіп, алдағы уақытта көрші елдермен бірлесіп Ұлы Жібек жолы бойындағы дәстүрлі халық медицинасын жаңғырту туралы жоспарларымен бөлісті.  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті