Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда ислам әлеміндегі ұлы ғалымдар еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылады

28.09.2015

Алматыда ислам әлеміндегі ұлы ғалымдар еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылады

       Алматыда 29 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында «Алматы – Ислам мәдениетінің астанасы – 2015» бағдарламасы аясында Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорынан Ислам әлеміндегі ұлы ғалымдар еңбектерінің кітап көрмесі ұйымдастырылады.

     2015 жыл Алматы қаласы – Ислам мәдениетінің астанасы болып белгіленді. Алматы қаласы Қазақстанның ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы,  рухани мәдениеті жоғары дамыған инфрақұрылымы бар ерекше мәртебелі қала ретінде  Еуразиялық құрлықтың орталығы болып табылады. Қала тарихы Жетісу арқылы ұлы сауда жолдарын, әлемдік өркениет пен мәдениетті тоғыстырушы, әсіресе мәдени-рухани құндылықтарымен, салт-дәстүрлерімен, діни наным-сенімдерімен, ғылыми және техникалық жетістіктерімен ерекшеленетін Қытайды Византиямен, Шығысты Батыспен байланыстырушы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан әлем мәдениетінің жаһандану үрдістерінің куәсі екенін баяндайды. 

      Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан XII-XVIII ғғ. көне қолжазба Құрандар, Сүлеймен Бақырғанидың «Хикметтері» (XVIғ.), шығыс ақындары Низами, Навои, Сағди, Хафиз, Жәми, Физули және т.б. ислам діні бойынша және поэтикалық жанрдағы шағатай, араб және парсы тілдеріндегі қолжазбалары орын алған.

     Көрменің тарихи-мәдени және танымдық маңызы өте зор. Көрме ғалымдар мен зерттеушілерге бұрынырақ ғалымдардың тек шағын тобына ғана қолжетімді болып келген жазба мұралардың баға жетпес раритеттерімен танысуына мүмкіндік береді.

        Іс-шараға Алматы қаласы мешіттерінің бас имамдары мен дінтанушы-ғалымдар, журналистер, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары шақырылады.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті