Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | ТМД елдерінің жас орындаушылары арасында қазақ әндерінің «Алтын күз» фестиваль-байқауы өтіп жатыр

28.09.2015

ТМД елдерінің жас орындаушылары арасында қазақ әндерінің «Алтын күз» фестиваль-байқауы өтіп жатыр

     ТМД елдерінің жас орындаушылары  арасында қазақ әндерінің дәстүрлі «Алтын күз» фестиваль-байқауы өтіп жатыр. Үш кезеңнен тұратын бұл шараның бірінші –сырттан іріктеу кезеңі  20 қыркүйек пен 11 қазан аралығында болады. Ол үшін белгілі форма бойынша толтырылған өтінімді,  өтініш берушінің қалаған әнін орындауындағы бейнебаянды Altynkuz2015@gmail.com электрондық поштаға жіберу қажет.

     Сырттай іріктеуден өткен қатысушылар қазан айының үшінші онкүндігіндегі екінші кезеңде  көзбе-көз кездесіп, сұрыпталады. Қатысушы бірінші әнді міндетті түрде қазақ тілінде, ал екінші әнді өз таңдауы бойынша басқа  тілде орындауы  қажет. Ұлы Отан соғысы жайлы және қазақ халық әндерін орындау құпталады. Соның нәтижесінде, ақтық үшінші кезеңге шығатын қатысушылар іріктеледі. Қараша айының ортасындағы гала-концертте байқау-фестивальдің жеңімпаздары мен лауреаттары анықталады. «Алтын күз» байқау-фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері сертификаттар, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға, соның ішінде, көрермендер көзайымы сыйлықтарына ие болады.

     Фестивальдің қазылар алқасына және гала-концертке Ресей мен Қазақстанның ән өнерінің көрнекті қайраткерлері  шақырылады.

   Фестивалдің мақсаты мен міндеттері – әсем ән мен күмбірлі күйге толған ән өнеріндегі  дарынды азаматтардың жаңа есімдердін ашу болып табылады. Қазақстан мен Ресей жастарының ынтымақтастығын әрі қарай дамытып, жастарға халықтар арасындағы достастық құндылықтарын және  жарқын болашақ, бақытты ғұмыр, жеңіс сыйлаған аталар, апалар ерлігін құрметтеуге дәріптеу. Оның ұйымдастырушылары –  Мәскеудегі «Мұрагер» қазақ мәдени қоғамы, «Қазақ диаспорасы» мәскеулік қоры, Ресей жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттері қауымдастығы. Байқау Мәскеу қаласының ұлттық саясат, аймақаралық қарым-қатынас пен туризм Департаменті, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігі,  Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен  «Мәскеулік халықтар үйі» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен өтпек.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті