Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Бабадан қалған байтағым» атты аймақтық ақындар айтысы өтеді

29.09.2015

«Бабадан қалған байтағым» атты аймақтық ақындар айтысы өтеді

      1 қазанда Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Ақтөбе облысы әкімдігі ұйымдастырған Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Бабадан қалған байтағым» аймақтық ақындар айтысы өтеді. 

      Шараның мақсаты – айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттау, айтыскерлер арқылы ежелгі мемлекетшілдік идеясын дәріптеп, елдегі халықтар достығын, береке-бірлікті және саяси тұрақтылықты, аймақтағы ауқымды жұмыстарды жырға қосу.

      Айтыс екі айналымда өтеді. Алғашқы айналымнан ұпай саны бойынша алға шыққан екі айтыскер ақтық мәреге шығады. Жүлде қоры – 5 100 000 теңге. Бас жүлде – 1 500 000 теңге, І орын – 1 000 000 теңге, ІІ орын – 700 000 теңге, ІІІ орын – 500 000 теңге, ал жүлделі орынға ілікпеген ақындарға 100 000 теңгеден ынталандыру сыйлығы беріледі.

     Айтыстың жүргізушісі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты, ақын, журналист Жүрсін Ерман.  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті