Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Шетелдік қазақ диаспораларынан құралған топ ел аймақтарын аралайтын болады

29.09.2015

Шетелдік қазақ диаспораларынан құралған топ ел аймақтарын аралайтын болады

     Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының бастамасымен «Шетелде тұратын қазақ диаспора өкілдерін қазақстандық қоғаммен ақпараттық жұмыс жүргізу ушін жұмылдыру» атты жоба қолға алынды. 

     Жобаның мақсаты - шетелдегі қазақтармен қарым-қатынасты нығайту. Оны жүзеге асыру барысында әр елдегі қазақ диаспораларының ішінен өкілдерді тартып, олардың пулы құрылатын болады. Осы пул Қазақстанның аймақтарын аралап, халықпен кездесіп, БАҚ өкілдері арқылы атқарылған жұмыстарын жариялап отырмақ. Сондай-ақ, осы жоба аясында шетелдегі қандастарымыздың Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өтуге атсалысуын қамтамасыз ету жұмыстары қарастырылған.

     Осы орайда құрамында Германия, Түркия, Франция, Финляндия, Қытай, Ауғанстан, Иран, Сауд Арабиясы, Ресей, Ұлыбритания және Моңғолия елдерінен келген қандастарымыз бен қазақстандық өнер қайраткерлері, сондай-ақ, Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры қызметкерлері бар ақпараттық топ құрылды.

      29 қыркүйек пен 10 қазан аралығында аталған топ мүшелері Алматы, Қызылорда, Түркістан, Кентау, Тараз қалаларына іс-сапармен барып, жергілікті халықпен кездеседі. Онда шетелде тұратын қазақ диаспорасының тыныс-тіршілігі, атажұртпен қарым-қатынасы, қазақ тіліне, салт-дәстүріне, діні мен діліне қатысты өзекті мәселелерді қозғап, пікір алмасады. Сондай-ақ, 29 қыркүйек күні «Мәңгілік елдің ұлы тарихы» атты дөңгелек үстелде ақпараттық топ мүшелері қазақ зиялы қауымы өкілдерімен жүздеседі деп жоспарлануда. Одан әрі «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Түркістан» газеттерінің, «Қазақ газеттері» ЖШС редакцияларымен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазМПУ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттерімен кездесу кештері жоспарланған.

      «Шетелде тұратын қазақ диаспорасының өкілдерін қазақстандық қоғаммен ақпараттық жұмыс жүргізу ушін жұмылдыру» тақырыбындағы жобаның ақпараттық топ құрамында мына азаматтар бар: Каюм Кесижи (Германия), Ерол Шұғайып (Германия), Абдулсамет Алтай (Франция), Бешир Жаналтай (Ұлыбритания), Құндыз Бахатрысбай (Моңғолия), Емре Унлы (Түркия), Жарқын Өтешова (Ресей), Арай Умитаева (Ресей), Батыр Хамзаұлы (Түркия), Айкен Солонен (Финляндия), Сүлеймен Шадкам (Германия), Салтанат Өмірәлі (Қытай), Гүл-Лайла Абдулжалелқызы (Ауғанстан), Зияхак Абдулжалелұлы (Ауғанстан), Ислам Жеменей (Иран), Харун Худаяр (Сауд Арабиясы). 

     http://baq.kz/kk/diaspora/atazhurt/sheteldik-kazak-diasporalarinan-kuralgan-top-el-aimaktarin-aralaitin-boladi-1426

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті