Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Жібек жолын жаңғыртқан керуен Жамбыл облысына аяқ басты

29.09.2015

Жібек жолын жаңғыртқан керуен Жамбыл облысына аяқ басты

      Өткен жылдың қыркүйек айында Қытайдың Сиань қаласынан шыққан керуен Жамбыл облысына келіп жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

     Тек сауда емес, мәдениет пен өркениеттің де күретамыры болған Ұлы Жібек жолын қайта жаңғыртып, көне заманның көрінісін көз алдымызға келтірген осынау керуен қазақ пен қытайдың достығын паш етіп, өткен тарихтан сыр шертті. Құрамында бағалы жүк артқан 136 түйе, 8 ат арба және жүзден астам қарауылы бар бұл керуен он мыңға жуық шақырым сапар шегіп, бабаларымыздың жүрген жолын жаңғыртты.

    Өткен жылы Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына ресми сапарымен барып, екі мемлекет басшыларының жоғары деңгейде қол жеткізген келіссөздерінің аясында Шэньси провинциясы халық үкіметінің төрағасы Лоу Циньцзянмен бірқатар меморандумға қол қойған болатын. Атап айтар болсақ, Шэньси провинциясының Сиань қаласында бірлескен мәдени халықаралық фестиваль өткізу, өнер мен мәдениет саласындағы технологиялар мен тәжірибе алмасу, сондай-ақ қытай археолог-ғалымдарының көне Тараздың ғылыми-қазба жұмыстарына және ҚХР-дың өнер қайраткерлерінің Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілетін салтанаттарға қатысу туралы келісімге келген-ді. Міне, енді дүбірлі тойға қатысқалы отырған бұл керуеннің басты мақсаттарының бірі – Әулие ата жерінен Шай үйін ашу. Қытайдың Шэньси провинциясы – әлемге әйгілі «Фуча» емдік шайының отаны болып саналады. Қытайдан шығып, қазақ жеріне аяқ басқан керуенге осынау емдік шай молынан артылыпты. Мұны Қытайдың «Ицзэ Фуча» компаниясы Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы және «Жаңа Жібек жолы» мәдени және экономикалық байланыстар халықаралық академиясымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

    Әрине, бір жылдан астам уақыттан бері жол жүріп келе жатқан керуенді жамбылдықтар Қордай ауданының шекарасында салтанатты түрде қарсы алды. Қазақы қонақжайлылықпен киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар ұсынды. Қонақтар ұлттық ойынымызды тамашалады. Енді алдағы күндерде бұл керуен Жамбыл облысының бірқатар аудандарын аралап, 8 қазан күні көне Тараз қаласының қақпасынан енетін болады.

     Оралхан Дәуіт.

    Дерек: egemen.kz.

Сурет: Ақәділ Рысмахан.

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/09/28/77319

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті