Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | ТҮРКСОЙ Сүйінбай Аронұлының еңбектерін түрік тілінде жарыққа шығарды

29.09.2015

ТҮРКСОЙ Сүйінбай Аронұлының еңбектерін түрік тілінде жарыққа шығарды

          Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында 29-қыркүйек күні  Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы (ТҮРКСОЙ)  Сүйінбай Аронұлының түрік тілінде жарық көрген жарық көрген алғашқы кітабының таныстырылымын өткізді. Бұл шара түркі әлеміндегі Сүйінбай жылы аясында жүзеге асып отыр. Түркияның Анкара қаласында шыққан кітаптың тұсаукесер рәсімін Кәдірбек Құныпияұлы, Ахметжан Ашири, Темірхан Тебегенов, Нұрдәулет Ақыш жасады.  Оған Сүйінбай атамыздың бір топ өлеңдері және Сүйінбай тақырыбында қалам тербетіп жүрген қаламгерлердің бірқатар мақалалары түрік тіліне аударылып берілген. Сондай-ақ Түркия бойынша Сүйінбайдың шығармашылығын білетін және оны насихаттап жүрген 2 ғалымның мақалалары кірген.      

     «Өздеріңізге мәлім Жамбыл атамыздың кітабы әлемнің 156 тілінде жарияланды. Ол қазақ ақын-жазушыларының ішінде шетел тілдеріне ең көп аударылған адам. Ал Жамбыл «менің пірім Сүйінбай» деп атаған Сүйінбай Аронұлы шығармалары осы уақытқа дейін басқа тілдерге аударылмай келген еді. Оны тікелей өз ұсынысымен аударып, кітап етіп шығарып, бүгін сүйінші данасын әкеліп отырған  Мәлік Отарбаев деген бауырымыз. Сондай-ақ Анкарада түрік тілінде ай сайын шығатын «Kardeş kalemler» журналының бір нөмірі Сүйінбай атамызға арналыпты. Ол бүгін міне осындай қос қуанышты арқалап алып келді»,  – деді жазушы  Нағашыбек Қапалбекұлы.

    ТҮРКСОЙ ұйымындағы Қазақстанның уәкілі Мәлік Отарбаев: «Биылғы жыл Сүйінбай бабамыздың 200 жылдығы. Бұл расында қазаққа ғана емес, бүкіл түркі дүниесі үшін үлкен той. Сүйінбай атамыздың шығармашылығы, өмірі түркі жұртшылығын қызықтырады. Анкара қаласында халықаралық үлкен жиын өтті. Оған Алматы облысының әкімі үлкен делегацияны бастап барды. Анкарада сонымен қатар Сүйінбай атамыздың түркі дүниесіндегі орнын бағалап отырып саябаққа есімін берді. Бұл расында да үлкен мақтаныш»,  – дегенді айтты.    

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті