Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алтай Республикасы қазақтары қауымдастығының жетекшісі өзгерді

29.09.2015

Алтай Республикасы қазақтары қауымдастығының жетекшісі өзгерді

                  
      Бүгін Алматыда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Ресей Федерациясындағы Алтай Республикасы қазақтары қауымдастығының президенті Тоқтауыл Солтановты қабылдады. 

         Онда осыдан 1 ай бұрын өткен Алтай Республикасы қазақтары қауымдастығының кезекті құрылтайында Президент болып сайланған Тоқтауыл Стаханұлы өзі жетекшілік етіп отырған ұйымның қазіргі жай-күйімен таныстырды. Сондай-ақ Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп атқаратын іс-шаралар жоспарын талқылады. 

      Алтай Республикасындағы Қосағаш, Усть-кан, Улаған аудандары мен Таулы Алтай қаласында ресми статистика бойынша 15 мыңға жуық қазақтар бар. Оның 12 мыңы Қосағаш ауданында, 1 200-і Таулы Алтай қаласында тұрады. Қосағаш қазақтарына Тілеухан Жанәбілов, Усть-кан қазақтарына Темірбек Кусков, Улаған қазақтарына Олег Нуғманов, ал Таулы Алтайдағы қазақтарға Кулдиар Сакитова басшылық етеді. Бүгінде саны аз болғандықтан Улаған ауданындағы 400 үй қазақтың ана тілі жойылудың аз алдында тұрған көрінеді. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті