Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Венгрияда түркітанушы Қоңыр Мандоки еңбектерінің жаңа жинағы таныстырылды

29.09.2015

Венгрияда түркітанушы Қоңыр Мандоки еңбектерінің жаңа жинағы таныстырылды

    
         Бүгін Будапешт қаласында Халықаралық Түркі академиясы Венгрия ғылым академиясының қолдауымен шығарған түркітанушы ғалым Иштван Қоңыр Мандоки еңбектерінің «New comers from the east. Hungarians and Kipchak-Turks in Europe» (Шығыстан қоныстанушылар. Мажарлар мен Еуропадағы қыпшақ-түркілер) атты жаңа ғылыми жинағы таныстырылды.

      Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының twesco.org ақпараттық танымдық порталы хабарлады.

      Ғалымның таңдаулы мақалалары топтастырылған еңбекті Түркі академиясының арнайы жобасы аясында венгриялық профессор Адам Молнар әзірлеп, танымал америкалық тарихшы-түрколог Питер Голден алғысөзін жазған.  Кітап толық таралымы басылып болған соң Еуропадағы белгілі ғылыми зерттеу орталықтары мен жоғарғы оқу орындарының кітапханалары арқылы таратылатын болады. Біраз бөлігі Қазақстанға жеткізіледі.

    Айта кету керек, әйгілі түркітанушы Иштван Қоңыр Мандокидің 16 мың кітап пен құнды қолжазбалардан тұратын жеке қоры Халықаралық Түркі академиясының кітапханасына табыс етілген. Сонымен қатар, Түркі академиясы И.Қ.Мандокиге қатысты тағы бірнеше кітапты баспаға әзірлеуде. 

      http://www.inform.kz/kaz/article/2823001

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті