Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қыздар университеті өз ұстаздарын төл мерекемен құттықтады

29.09.2015

Қыздар университеті өз ұстаздарын төл мерекемен құттықтады

    Қыркүйектің 28-і күні Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты кеш өтті.

      Қазан айының алғашқы демалысында атап өтілетін Ұстаздар күні  педагог кадрларды даярлауға сүбелі үлес қосып отырған Қыздар университеті үшін үлкен мереке. «Жарқын болашақтың қуаты жан-жақты білімде болмақ. Бүгінде қыздар университеті отандық білім мен ғылым тұңғиығында өзіндік орны бар алып кеме екені анық. Біздің сонау құрылған уақыттан бастап келе жатқан жалғыз, мызғымас миссиямыз – ұлт тәрбиелеушілерін қалыптастыру. Талмай еңбектену мен ізденімпаздықтың, сарқылмас күш-жігер, сүйікті кәсіпке деген адалдықтың арқасында Қыздар университеті әр оқу жылында жаңа жетістіктерге жетіп, таудай табыстарға кенелуде. Бұл – ардақты ұстаздарымыз бен ұжымның ерен еңбегі», – деп сөз бастаған Қыздар университетінің ректоры Д.Нөкетаева бала тәрбиелеп, әр шәкіртке мейірім төккен ұлағатты ұстаздар мен болашақта осы ұлы қызметтің тізгінін ұстар студенттерді де төл мерекелерімен құттықтады.

      Кез келген саланың кәсібінен нәсібін табуды ниет еткен жандардың барлығы да ұстаздың алдынан өтеді. Озық білім алған, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген азамат – қоғамның тірегі, қозғаушысы. Пайым-парасатының кеңеюіне, ақылының толысуына мұғалімнің сіңіретін еңбегі ерен.  Қыздар университетінің басшылығы Ұстаздар күні мерекесіне орай ұрпақ тәрбиесі жолындағы елеулі еңбектерін ескеріп, бірқатар профессор-педагогтарды марапаттады. Биология кафедрасының профессоры А.Сартаев, тіл теориясы мен оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры Б.Хасанұлы, мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасының профессоры Т.Левченко бастаған ҚазМемҚызПУ-дың дамуына айрықша үлес қосқан, білім беру ісіне сүбелі еңбек сіңірген жиырмадан астам ұстаздарға ректор Динар Жүсіпәліқызы өз қолымен «Құрмет белгісі», алтын және күміс «Ұлағат» медальдарын табыстады. Сондай-ақ, оқу орны басшысы Д.Нөкетаева бұл марапат кәсіби мерекеге арнап көрсетілген қошеметтің бастамасы ғана екендігін, алдағы уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан да құттықтаулар келетінін жеткізді.                               

     Педагогикалық бағытта білім беретін жоғары оқу орындар арасында Қыздар университетінің үздік атануына, шәкірттері түрлі пәндік олимпиадалар мен спорттық жарыстарда жүлделі орын алуына, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда зерттеу материалдарын абыроймен қорғауына зор еңбек сіңіріп келе жатқан ұстаздарға құрмет көрсетіп, В.Қаржаубаева, Ж.Әділбекова, А.Өміржан, Н.Ғазиз сынды күміс көмей әншілер ән-жыр арнаса, «Томирис» би ансамблінің қыздары мың бұрала би билеп, ұлттық өнердің шашуын шашты. Қазақ эстрадасында өнерімен танылып келе жатқан Болатбек Досыбаев, Дидар Кәден бастаған әншілер де мерекелік кештің көркін қыздырды. Қыздардың хор ұжымы ғалым да, шахтер де бас иетін ерекше қасиетке ие ұстаздар қауымына ән арнады.

        «Қыздар университеті» медиа орталығы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті