Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда «Ел тұлғасы» ұлттық жобасының жеңімпаздары анықталды

29.09.2015

Алматыда «Ел тұлғасы» ұлттық жобасының жеңімпаздары анықталды

         Бүгін Алматыда «Ел тұлғасы» ұлттық жобасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

       «Бұл байқау бірінші рет 2012 жылы өткізілген болатын. Сол жылы жоба бойынша 120 мыңдай адам дауыс берді. Ал биыл дауыс беруге 350 мыңнан астам адам қатысты. Яғни, үш есе көп. Бұл, жобаның қоғамда сұранысқа ие екендігін, ұлттық сана-сезіміміздің дәуірлеп жатқандығын білдірсе керек», - деді өз сөзінде жобаны ұйымдастырушы «Exclusive» мультимедиялық порталының бас редакторы Қарлығаш Еженова.

       Өз сөзінде осы жобаға демеушілік көрсеткен «Kcell» АҚ корпоративтік коммуникация бөлімінің бастығы Наталья Еськова алғашқыда жобаны қолдауға күдікпен қарағанын жасырмады.

     «Жыл сайын, дәстүрлі өткізіліп тұратын жобаға қолдау көрсету бір басқа, ал бұдан үш жыл бұрын болып кеткен жобаға қайта қолдау көрсету бір басқа. Сондықтан «Ел тұлғасы» ұлттық жобасының бүгінде қоғамда үлкен қолдауға ие болып жатқанына қуаныштымын. Демек, халқымыз өз қаhармандарын шынында да бағалайды және оларды құрмет тұта біледі», - деді ол.

      Бұдан кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі басталды. «Ел тұлғасы» жобасында халықтың қолдауына ие болып, жеңімпаз атанған, бірақ бүгінгі шараға келе алмай қалған немесе өмірде жоқ тұлғалар бойынша дипломдарды олардың өкілдері келіп алды.

       Байқауда сегіз аталым бойынша дауыс берілді. Олар: «Бизнес», «Қоғамдық қызмет», «Мәдениет және өнер», «Спорт», «Ғылым», «Жаңа есім», «Қазақстан тарихындағы тұлға» және «Ұсынылған үміткерлер» аталымдары.

Сонымен, «Ел Тұлғасы» ұлттық жобасының жеңімпаздары:

«Қоғамдық қызмет» аталымы:

Досым Сәтбаев - 6299 дауыс

Евгений Жовтис - 6192 дауыс

Айдос Сарым - 5989 дауыс

Барлығы бұл аталым бойынша 38 618 адам дауыс берген.

 «Бизнес» аталымы:

Сержан Жұмашев - 5843

Тимур Құлыбаев - 5368

Райымбек Баталов - 4063

Бұл аталым бойынша барлығы 31 268 адам дауыс берген.

«Мәдениет және өнер» аталымы:

Батырхан Шүкенов - 5037

Ермек Тұрсынов - 3933

Ақан Сатаев - 3909

Бұл аталым бойынша барлығы 31 173 адам дауыс берген.

 «Ғылым» аталымы:

Төрегелді Шарманов - 6881

Асқар Жұмаділдаев - 6382

Зұлхаир Мансұров - 5884

Бұл аталым бойынша барлығы 38 447 адам дауыс берген.

«Спорт» аталымы:

Геннадий Головкин - 7093

Илья Ильин - 6928

Қанат Ислам - 6773

Бұл аталым бойынша барлығы 56 78 адам дауыс берген.

«Жаңа есім» аталымы:

Аружан Сайын - 8751

Нұртас Адамбаев  - 8120

Аида Қауменова - 7017

Бұл аталым бойынша барлығы 47 025 адам дауыс берген.

«Қазақстан тарихындағы тұлға» аталымы:

Абай Құнанбаев - 9015

Дінмұхамед Қонаев - 8997

Қаныш Сәтбаев - 8983

Бұл аталым бойынша барлығы 62 067 адам дауыс берген.

«Ұсынылған үміткерлер» аталымы:

Әбілқайыр хан  - 5985

Алексей Полтаранин - 5874

Нұрлан Смағұлов - 5688

Бұл аталым бойынша барлығы 45 032 адам дауыс берген.

Дауыс бергендердің жалпы саны 350 258 адамды құраған.

      Бұл жерде едәуір көп дауыс «Қазақстан тарихындағы тұлға» аталымы бойынша берілген - 62 мыңнан астам адам. Сондай-ақ,  «Спорт» - 56 мыңнан астам адам, «Жаңа есім» - 47 мыңнан астам адам, «Ұсынылған үміткерлер» - 45 мыңнан астам адам, «Ғылым» - 38 мыңнан астам адам, «Қоғамдық қызмет» - 38 мыңнан астам адам, «Мәдениет және өнер» - 31 173 мыңнан астам адам және «Бизнес» аталымы бойынша - 31 мыңнан астам адам дауыс берді.

     Бүгінгі шараға қатысқан жеңімпаздар жобаны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

      Айта кетелік, «Ел тұлғасы» ұлттық жобасын «Кселл» компаниясының қолдауымен  «Exclusive» мультимедиялық порталы ұйымдастырды.    

      http://www.inform.kz/kaz/article/2822982

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті