Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Шетелдегі қазақтар арасында мүшәйра мен терме сайысы өтеді

29.09.2015

Шетелдегі қазақтар арасында мүшәйра мен терме сайысы өтеді

        Қазан айының 29-30 жұлдызында «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған шетелде тұратын отандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалінің аясында жыр мүшәйрасы, термешілер сайысы және сурет көрмесі өтеді.

         Айтулы шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ұйымдастырып отыр. Басты мақсат - Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын ашу және жастарды ұлттық құндылықтар рухына сәйкес қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Мүшәйра, терме және көрме сайыстарына қатысу шарттары:

- Қатысушылардың жас мөлшері 20-35 жас аралығында болуға тиіс;

- Мүшайра, терме және көрме сайыстарына қатысушы шығармашылық өкілдері шетелде тұратын отандастарымыздың арасынан болуға тиіс;

- Автордың мүшайраға және көрмеге жолдаған шығармасы бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек.

Мүшәйра талаптары:

Бірінші өлең - Қазақ хандығының тарихы, тарихи тұлғалар бейнесі, елдік мәселелер тақырыбында болуы керек (3-5 минут); - міндетті

Екінші өлең - Шетелдегі қандастар тағдыры мен көші-қон туралы(3-5 минут) - міндетті.

Үшінші өлең – еркін тақырыптағы өлең (3-5 минут) – қажеттілігіне орай.

Терме сайысының талаптары:

1 шығарма - Елдікке шақыратын, бірлікке бастайтын елжандылық бағыттағы термелерден тақырыпқа сай бір шығарма орындау (3-5 минут);

2 шығарма – Еркін тақырыпта терме орындау (3-5 минут).

Көрме талаптары:

1 тақырып бойынша Кескіндемешығарма көлемі 100*150 см.-ден кем немесе аспауы тиіс (Материалдары: майлы бояу, гуашь, акварель, кенеп, картон, ақ қағаз).

2 тақырыпбойынша Графикалық шығарма көлемі 40*90 см. (Материалдары: офорт, линогравюра, литография, т.б.) көркемдік деңгейі талапқа сай, тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс.

Әрбір автордың көркем шығармасы талапқа сай безендіріліп (багет), саны 5-7-ден аспауы керек.

Жеңімпаздарды марапаттау әр сайыс бойынша

«Бас жүлде» - біреу -200 000 (екі жүз мың) теңге

І орын – екеу – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден

ІІ орын – екеу- 120 000 (жүз жиырма мың) теңгеден

ІІІ орын – екеу – 80 000 (сексен мың) теңгеден

Ынталандыру сыйлығы – үшеу- 60 000 (алпыс мың) теңгеден.

Өтініштер 2015 жылдың қазан айының 20 жұлдызына дейін қабылданады

Төлқұжатының көшірмесі;

Шығармашылық өмірбаяны;

10х15 көлемдегі 1 түрлі-түсті фотосурет;

Екі кезеңде орындайтын шығармалардың тізімі. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті