Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қырғызстанда ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кеші өтті

30.09.2015

Қырғызстанда ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кеші өтті

 
     Бішкекте Т.Сатылғанов атындағы Қырғыз мемлекеттік филарманоиясында әнші-композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кеші өтті.

     Шетелдік дипломатиялық корпус басшылары, қоғамдық жұртшылық, шығармашылық зиялы қауым және қазақ диаспорасының өкілдері қатысқан шараны Қырғызстандағы Қазақстан елшілігі ұйымдастырды. Бұл шығармашылық кеш Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды.

     Концертте атақты әнші зайыбы Дарикомен бірге қосылып ән салып, көрермендерінің қошеметіне бөленді.

      Шығармашалық кеште әнші композитордың «Анаға сәлем», «Гүл сезім», «Есіңе ал», «Ескірмеген махаббат» және басқа да танымал әндері орындалды. Өнер мерекесі ақын Қадыр Мырза-Әлінің сөзіне жазылған композитордың «Атамекен» әнімен аяқталды.

      Қазақ диаспорасының өкілі Еркін Бөлекбаев Е.Хасанғалиевке тамаша өнер кеші үшін алғыс айтып, Қырғызстанда тұратын барлық отандастарымыздың атынан композиторға алғысхат тапсырды.  Сондай-ақ риза көрермен гүл шоқтары мен ескерткіш сыйлықтарды тарту етті.

     Қазақ сахнасының ардагерін ҚР Елшісі Айымдос Бозжігітов құттықтады. Кештің өтуіне сондай-ақ «Газпром Қырғызстан» директоры Болот Әбілдаев және «Қазмыс Голд Қырғызстан» компаниясының бас директоры Ілияс Төлекеев демеушілік қолдау көрсетті. 

     http://www.inform.kz/kaz/article/2823223

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті