Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Футбол: бүгін «Астана» – «Галатасарай» матчы өтеді

30.09.2015

Футбол: бүгін «Астана» – «Галатасарай» матчы өтеді

© kazmirr.kz

     Бүгін, яғни 30 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 22.00-де «Астана-Арена» стадионында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Астана» мен «Галатасарай» (Түркия) арасындағы кездесу өтеді. «Астана-Галатасарай» матчын көремін деген жанкүйерлерге қолайлы болу үшін бүгін кешке сағат 19.00-ден бастап бірқатар көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылатынын естеріңізге саламыз. Көрермендер үшін арнайы автобус-шаттлдары ұйымдастырылады. Сағат 19.00-де Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионы, «Қазақстан» сарайы, «Хазірет Сұлтан» мешіті, «Нұр Астана» мешіті, Қабанбай батыр көшесі бойындағы елордалық цирк, Жеңіс даңғылы бойындағы «Жастар» театры алдында арнайы қоғамдық көліктер жолаушыларды жинап алады. Жол жүру құны – 90 теңге, 15 жасқа дейінгі балаларға – 40 теңге. Аталған шаттлдарда жол жүру билеті жарамсыз. Сондай-ақ «Астана-Арена» стадионына №10, 12, 27, 40, 43, 51 қоғамдық көліктерімен қатынауға болады. Ойын аяқталғаннан кейін көрермендер аталмыш шаттл арқылы бастапқы жиналған жерге қайта алады. Қоғамдық көліктердің қайтар уақыты сағат 23.30-ға жоспарланған. Қоғамдық көліктер Қабанбай батыр даңғылы бойымен, «Астана-Арена» стадионы алдындағы алаңда тұрады.

      khabar.kz
Толығырақ: http://alashainasy.kz/football/bugn-astana--galatasaray-matchyi-oted-73827/

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті