Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Самарада Ресей қазақтарының Кіші құрылтайы өтеді

23.09.2015

Самарада Ресей қазақтарының Кіші құрылтайы өтеді

      Самарада 3-5 қазан күндері Ресей қазақтарының Кіші құрылтайы өтеді. Оны «Ресей қазақтарының федеральдық ұлттық-мәдени автономиясы» жалпыресейлік қоғамдық ұйымы ұйымдастырып отыр. Құрылтайға Қазақстаннан және Ресейдің түкпір-түкпірінен келетін қонақтар қазанның 1-інен бастап Самараға келе бастайды деп жоспарланып отыр. Оған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан баратын делегацияны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және саяси-қоғамдық жұмыс комитетінің қолдауымен Төрағаның бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастап барады. Құрылтай кезінде  Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығы мен Ресей қазақтарының федеральдық ұлттық-мәдени автономиясының баспасөз орталығы жұмыс жасайды деп жоспарлануда.

     Жалпы Ресей қазақтарының Кіші құрылтайы  «Ақ жол» қазақ ұлттық-мәдени автономиясы Самара  аймақтық қоғамдық ұйымының 10 жылдық мерейтойына арналған «Достықтың шекарасы жоқ» деп аталатын мерекелік шарамен басталады.  Самара облысы қазақтарының материалдық емес мәдени мұрасынының көрсетілімінен:  «Мұрагер» киіз үй- музейіндегі қазақ мәдениетінің тұрмыстық және  қолданбалы өнер бұйымдарының Қ көрмесі. Фотограф Людмила Мельниченконың «Самара қазақтары» фото-көрмесі. Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тату көрмесі.  Ұлттық белгілер мен ұлттық киімдердің сауда көрмесі. Режиссер Сергей Александровтың «Наурыз» фильмінің көрсетілімі. Самара облыстық «Қайрат» қазақ жастары қоғамдық ұйымы қызметінің таныстырылымы болады.

      Одан кейін құрылтайдың салтанатты ашылу рәсімі жасалып, «Ақ жол 2003-2015» фильмі көрсетіледі. Аймақтық билік органдары өкілдерінен: Губернатор әкімшілігі, облыстық Дума мен Мәдениет министрлігінен және Қазақстаннан келген қонақтардан Ресейдегі Қазақстан Елшілігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің  құттықтау сөздері айтылады. Қазақстандық  «Қыздарай» тобы мен әншілер  Ерлан Рысқали, Меруерт Түсіпбаева, Тілеубек Қожанұлы және Батыс Қазақстан облыстық филармониясы артистерінің, сондай-ақ  Самара қазақтарының өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылады.

     Қазанның 4-інде  Ресей қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының ашық мәжілісі, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауына арналған және  «Заманауи Ресей қазақтарының этномәдени қозғалысы: тәжірибе, міндеттер, сабақтар» атты дөңгелек үстел жиындары мен Нефтегорск ауданындағы Дмиртриевка ауылында қазақстандық артистердің концерті болады. Келесі күні мұндай концерт Кинельск ауданындағы Қазақ ауылында жалғасады. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті