Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Оралмандар өз күшімен жаңа ауыл құрды

30.09.2015

Оралмандар өз күшімен жаңа ауыл құрды

Оралмандар өз күшімен жаңа ауыл құрды

 
    Тарихи отанына оралған қазақтар Қазақстанға өздерінен бұрын келген ағайындарына үлгі көрсетті.

      Елге келгендерін міндет қылып, үкіметке алақан жаятындарға үлгі көрсетіп, Алматы облысында өздері жаңа ауыл құрды деп хабарлайды Алматы арнасы.
      «Баркөл» деп аталатын ауылды құру үшін Қарасай ауданынан 12 гектар жер сатып алған. Су, жарық, жол секілді әлеуметтік мәселелерді де өздері шешіп жатыр.
    «Елге ел қосылса, құт» деген қағиданы ұстанған жергілікті әкімдіктегілер де ағайындардың бастамасын құп көріп, қажетті құжаттарын уақытылы рәсімдеп беруге жәрдем көрсетіп отыр.
    «Қазір 56 отбасы қоныстанды. Әліде 200 отбасына барамыз. Өндірісті әртараптандыру, мал бордақылау, үй құстарын ұстау, жеміс-жидек өсіру, базармен айналысу, қолөнермен айналысу, ұлттық дәстүрді жаңғырту, адамдарды жұмыстандыру сынды, қысқасы экономиканың әр саласымен шұғылданып отырмыз»,  деді «Баркөл» тұтыну корпоративінің төрағасы Мақсұтқан Дәлейұлы.
     Тәуелсіз елдің топырағына табан тіреген қазақтар ауылдың салтанантты ашылуы барысында Оспан батыр, Ер Жәнібек сынды азаттық үшін арпалысқан ерлерге көше атауларын берді. Алдағы күні ауылдың ортасынан өз күштерімен мешіт тұрғызуды жоспарлап отыр.
      2007 жылдың басынан бері тарихи отандарына аяқ басқан оралман бауырлардың өз күшімен құрған «Баркөл» аулының ашылу салтанатына аудандық және ауылдық әкімшілік өкілдері,  Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткерлер, ғылым докторлары мен ҚХР-нан арнайы келген қонақтар қатысты деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
    Ал Қазақстанның эстрада жұлдыздары торқалы тойға арнайы ат терлетіп келген көпшілікке әннен шашу шашты.
     Елге келіп еңбегі жанған бауырларымыздың осынау қуанышына арнайы ақсарбас мал сойылып, ақшаңқан киіз үйлер тігілді.
      Айта кетейік, «Баркөл» ауылының ашылу салтанаты арнайы «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орайластырылып отыр.
   2007 жылы атажұртына табаны тиген сәттен бастап, Мақсұтқан Дәлейұлы өз қандастарын бауырына жинап, олардың жер алуына, баспана тұрғызуына, әлеуметтік тұрмысына септігін тигізіп келе жатқаны жасырын емес.
     Мұнда келген әрбір қандасымыз Отаннан не алам деп емес, не берем деп келуі керек
     «Президентіміздің айтқан сөзі бар ғой, «мұнда келген әрбір қандасымыз отаннан не алам деп емес, не берем деп келуі керек» деген. Сөйтіп, біз бастама көтеріп, осы ауылды құру үшін жанталастық… Қазір ауылымызға су, электр жарығы, тіпті көгілдір отынға дейін тартылған»,  дейді Мақсұтқан Дәлейұлы.
      «Ауылға әлі ауыл статусы берілмегендіктен,  қандай да бір әлеуметтік нысандарды; емхана, балабақша, мектеп т.б. салу жоспарланбаған. Десе де, жақын маңда осы «Баркөл» ауылы тұрғындарына арнап ауылдың маңынан мешіт тұрғызуды жоспарлап отырмыз. Мешіттің орны нақты белгіленіп қойды. Ал ауыл тұрғындарына арнап, көшлілес орналасқан Тұрар  ауылынан келер жылы балабақша ашу жоспарда бар. Қазірдің өзінде бұл ауылдың балалары Тұрар ауылындағы орта мектепке қатынап оқиды. Ол үшін аудандық білім бөлімінен арнайы автобус бөлінген. Ол автобус осы ауылдың балаларын сабаққа апарып, алып келуде. Жол мәселесіне келер болсақ, қазір біздің бюджетіміз шектеулі болғандықтан, бәлен-түген деудің өзі қиындау. Егер ауыл тұрғындары өздері бас болып, шағыл, тасын сатып алатын болса, ауылдық әкімшілік техникалық жағынан көмектесетін болады»,  дейді Жаңашамалған ауылдық округі әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбекұлы.
      NUR.KZ 

       http://aikyn.kz/ru/articles/show/13910-oralmandar_z_k_sh_men_zha_a_auyl_rdy

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті