Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Алтын тордан шыққан ән» бостандыққа шықты

30.09.2015

«Алтын тордан шыққан ән» бостандыққа шықты

    Бүгін Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, режиссер, сатирик Асқар Наймантаевтың «Конферансье. Актер және көркем сөздің шебері» және «Алтын тордан шыққан ән» атты 2 кітабының  тұсаукесері болды.

     «Жүргізуші – бұл – оркестр адам», ол актер, ол режиссер, ең бастысы – көрерменге де, тыңдаушыға да, ойыншыға да қызықты, тартымды адам» Дегенмен бұл өнердің де арнайы көңіл бөліп, ден қойып үйренетін, игеретін қиындықтары жетерлік. «Конферанс» жанры негізінен «сахна тілі» кафедрасының педагогтары ғана емес, «актер шеберлігі», «сахана қозғалысы» кафедраларының да жұмыла күш қосып даярлайтын бөлімі болуы керек.

     Дарынды конферансье дегеніңіз – тілге шешен, сөзге бай, тапқыр талант, әннен, музыкадан, биден хабары бар, сахналық өнерді меңгерген шебер ғана емес, өзі түскен ортаның «тілін»меңгеріп, көңілін табатын дипломат,өзі жүргізгелі отырған мерекенің барлық «тарихын» жете білетін білгір, қарттың сүйеніші болып, баланың ермегі бола білер қағылез, ойнатып қана қоймай өзі де ойыншық бола білетін сегіз қырлы, бір сырлы сайыпқыран бола білуі керек.

    «Конферансье. Актер және көркем сөздің шебері»  -  осы маман иесінің кім екенін айтып, ұқтырып берер оқулық.

    «Алтын тордан шыққан ән» - студенттерге, театрларға арналған, репертуар байытатын пьесалар, аудармалар, интермедиялар мен монологтар жинағы. 

     Дерек көзі: "Шын ақпарат"

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті