Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Оралмандардың тарихи отанына оралуын ынталандыратын заң жобасы мақұлданды - Мәжіліс

30.09.2015

Оралмандардың тарихи отанына оралуын ынталандыратын заң жобасы мақұлданды - Мәжіліс

 
      Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

    Аталған заң жобасы елдің ішкі дамуының жаңа кезеңіне және әлеуметтік-еңбек қатынастарын жаңғыртуды көздейді. «Этникалық қазақтарды тарихи отанына оралуын ынталандыру мақсатында заң жобасымен олардың қоныстану өңіріне қарамастан оралман мәртебесін алу, шетелдік азаматтарға қарағанда төлем қабілетін растаусыз уақытша тұру ықтиярхатын алу мүмкіндігі беріледі. Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда оралмандарға жағдайлар жасалады. Мәселен, жұмыспен қамту бойынша шаралар шеңберіндегі этникалық қазақтар үшін көлік шығындарын өтейтін, қызметтік баспана немесе жатақханадан бөлме беруді құрайтын әлеуметтік пакеттер қарастырылады», - деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

     Оның айтуынша, еліміздің бір өңірінен Үкімет айқындаған екінші өңіріне қоныстанған оралмандар үшін де дәл жоғарыда айтылғанындай әлеуметтік топтамалар берілмек. Ал алғашқы қоныстанған, яғни Үкімет айқындаған өңірінен бес жыл мерзімінен бұрын өз бетінше көшіп-қонып, қоныс аударып кеткендер, Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқандар өздері алған мемлекеттік қолдауларды қайтаратын болады.

     «Оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру мерзімін тұрақты тұру ықтиярхатын алғаннан кейін бір жыл ішінде шешу көзделеді», - деді министр.

      http://www.inform.kz/kaz/article/2823358

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті