Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Жаңадан қабылданатын көші-қон заңына байланысты ...

01.10.2015

Жаңадан қабылданатын көші-қон заңына байланысты ...

     

     Еліміздің көші-қон заңнамасына енгізілетін жаңа өзгерістер мен түзетулер жобасының жұртшылық арасында кең талқыланғанына биыл міне  жылдың жүзі болып қалды. Оған еліміздің заң шығарушы және атқарушы   органдары ғана бұл мәселеге қатысы бар барлық қоғамдық ұйымдар мен жеке азаматтары атсалысқан болатын.  Бүкіл әлемді шарпыған дағдарыстың  салдарынан қабылдануы қайта-қайта кейінгі шегеріліп келген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жақында Парламент Мәжілісінің қарауына беріліп, ол 30-қыркүйектегі жалпы отырыста бірінші оқылымда қабылданған еді. Алайда кейбір қоғамдық ұйымдардың өкілдері  заң қабылданбай  жатып, негізсіз шу шығарып, жұртшылықты әуре-сарсаңға түсіруде. Сондықтан   Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы бұл мәселеге байланысты өз ұстанымын білдіруде жөн көріп отыр.

     Елімізде белгіленген Конституциялық тәртіп бойынша Үкімет әзірлеген заң жобасы алдымен құзырлы органдардың қарауына беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тексеріледі. Одан кейіз заң шығарушы негізгі орган саналатын Парламенттің төменгі палатасы Мәжілісте және  жоғарғы палатасы Сенатта қаралып, жеке-жеке мақұлданады. Тек содан кейін ғана қол қою үшін ҚР Президенттіне ұсыналады. Өкінішке орай біздің кейбір азаматтарымыз оны біле тұра, білмеген кейіп танытып, еш жерде жарияланбаған заң жобасы туралы байбалам салып, шу көтеруі негізсіз. Бұл мәселе қайтадан тағы да жұртшылық талқысына түсетін болса, онсыз да қаралуы бірнеше мәрте кейінге қалдырылған заң жобасы Үкіметке кері қайтарылуі мүмкін. Бұл «мүйіз сұраймын де, құлағынан айрылған тоқал ешкінің» жағдайына ұқсайды. Шетелдегі 5 миллионға жуық қандастармыздың атажұртқа оралуын ынталандыратын заң жобасының қабылдануына бірден-бір мүдделі ұйым ретінде біз бұл мәселенің тезірек өз шешімін табуына ынталымыз. Шетелдегі қазақ диаспорасының мәдени бірлестіктерімен қоян-қолтық араласып, бірге жұмыс жасап жүргендіктен  бұл заңның қабылдануын олардың да асыға күтіп жүргенін тағы та еске салғымыз келеді.

          Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті