Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстандық әнші Диана Шарапова Арал қасіреті жайлы бейнебаян түсірді

01.10.2015

Қазақстандық әнші Диана Шарапова Арал қасіреті жайлы бейнебаян түсірді

   

Қазақстандық әнші Диана Шарапова Қазақстан  Республикасының  мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері, композитор  Сейдолла Бәйтерековтің «Аралдан ұшқан аққулар» атты лирикалық композициясына бейнебаян түсірді.

      «Аралдан ұшқан аққулар» тартылып кеткен Арал теңізін іздеп құлазыған құмды айнала ұшқан аққулар тарихы жайлы ән.  Олар адам танымастай  өзгерген мекендерін таба алмай, қаншама шақырамдарға созылып жатқан  өмірдің нәрі  болған бұрынғы Аралдың орнын басқан құлазыған шөл даланы айналып ұшады.

     Сюжет бойынша, әнші кеуіп қалған теңіздің орнын зерттейді. Оның теңізге сапары сор, шағылдар, кемелердің қанқалары, тастанды баржалар, түйелер керуендері және Арал айлағының атақты көтергіш крандарынан тұрады.

       Диана Көкарал аймағымен жүріп өтеді. Ақыр сонында, әнші қазіргі кезде Сырдария өзенінің суымен толтырып, солтүстік Арал теңізін қорғап тұрған Көкарал бөгетіне келіп жетеді.

       Әншінің айтуынша, бір апталық сапарында түсіру тобына Арал қасіретінің осыншама ауқымды екенін түсіну өте ауыр тиді.

      «Жол бойы  бізге тозығы жеткен темір арқандар, кемелердің қанқалары және кезінде Көкаралдың  аралдары болған өткел бермес таулар кездесті. Таулардың шетімен жүріп, шетсіз-шексіз шөл далаға қарап, бұл жерде айнала, тіпті менің төбемнен жоғары көгілдір теңіз шалқып жатуы керек еді ғой»  – деп  күрсінеді Диана Шарапова.

       Аралдың экологиялық мәселесі жайында бүгінге дейін өте көп айтылып келді. 2014 жылы БҰҰ-ның басшысы Пан Ги Мун бейнехабарлама жолдады. Онда: «Арал теңізінің  құрғауының негізгі себебі – су ресурстарын дұрыс пайдаланбау» – деді.  Сондай-ақ  БҰҰ-ның  Халықаралық Аралды қорғау  қорын  қолдайтынын жеткізді.

         Халықаралық Аралды қорғау  қоры мемлекетаралық бірігіп құрылған ұйым. Ұйымның мақсаты  Аралдың жағдайын шешу, Арал аймағынның әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады. Оны  құруға Қазақстан бас болып, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан сияқты бауырлас мемлекеттер тізе қосты.

         «Бейнебаянда біз теңіздің қазіргі жағдайын тек қана жаман жағынан көрсетуді мақсат тұтқан жоқпыз, бейнебаян жақсы үміттерге жетелеумен аяқталады.  Қазақстан БҰҰ және Дүниежүзілік банктын қолдауымен Арал теңізін сақтап калуға және сол аймақтағы халықтын әл-ауқатын жақсартуға өте үлкен мөлшерде қаржы жұмсайды. 2005 жылы Көкарал бөгеті салынды. Соның арқасында Арал қаласы қазіргі кезде теңізден 18 шақырымдай  ғана жерде тұр. Кезінде бұл арақашықтық 70 шақырымнан астамға созылған еді. Балықшылар қайта теңізге шығып, балық аулаумен айналысуда. Бұл, әрине, біздің еліміздің және халықаралық ұйымдардың өте үлкен жетістігі деп білемін» дейді бейнебаянның продюсері Роман Миронов.

          Еске салсақ, тек әнші Диана Шарапова ғана Арал тағдырын қозғап қойған жоқ сонымен қатар, әлемге танымал жұлдыздар – аты аңызға айналған Pink Floyd тобы өткен жылы өздерінің тартылып бара жатқан Арал туралы Louder than Words  атты композициясына бейнебаян түсірген еді. Голливудтық актер Леонардо Ди Каприо Twitter –дегі өз парақшасында Арал қасіретін бейнелейтін суреттерді ( шөл даладағы кеме қалдықтары) салып өзінің көз қарасын білдірді.

      Видеоға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=_U_x1jQYJPw 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті