Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Шымбұлақ ТМД елдері арасында ең танымал курорт атағына ие болды

02.10.2015

Шымбұлақ ТМД елдері арасында ең танымал курорт атағына ие болды

     Қазақстандағы Шымбұлақ тау-шаңғы базасы ТМД елдері арасындағы ең танымал курорт мәртебесіне ие болды. Ресейлік туристердің көпшілігі жаңажылдық демалысты осы жерде өткізгенді қалайды екен. Дегенмен, бағасы жағынан Шымбұлақ дәл осы ТМД елдері арасында ең қымбат демалыс орындарының бірі. 

       Іле Алатауындағы осынау орталыққа келіп бір күн демалу үшін 95 долларға шығындалу керек. Бұл қаражатқа тек ортаңқол қонақ үйлердің біріне түнеп, кешкі тамақ іше аласыз. Туристерді бірақ оның бағасы емес, орналасқан жері қатты қызықтырады. Мұндағы шаңғы трассалары кәсіпқой шаңғышылар мен экстремалдардың жоғары бағасын алған.

      Осылайша, Шымбұлақ армяндар мен белорустердің, қырғыздардың және грузиндердің курорттарын басып озды. Ең туристі көп ел саналатын ресейліктер Қазақстанға кіріп-шығу оңай болғандықтан да еліміздегі демалыс орындарын жиі таңдайды екен. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті