Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Исатай батырға ескерткіш орнатылды

02.10.2015

Исатай батырға ескерткіш орнатылды

Исатай-батыр

       Жуырда «Батыс Еуропа – ­Батыс Қытай» халықаралық көлік дә­лізінің жолында халық батыры Исатайға арнал­ған ескерткіш ашыл­ды. Ескерткіш Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының шекарасында орнатылды. Салтанатты рәсімге Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан қонақтар келді. Қобда ауданының әкімі Асқар Жүсібәлиев ша­раның мән-маңызына тоқталып, оның кейінгі ұрпаққа ұлағаты мол екенін жеткізді. Исатай батырға еңселі ескерткіш орнатқан «Қазақавтожол» АҚ облыстық филиалының директоры Бағлан Баймағамбетовке ризашылығын біл­дірді. Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева, философия ғылымының док­торы Алтай Тайжанов бұл игілікті іс жастардың бойында еліне, жеріне, батыр бабаларына деген құрмет сезімін қа­лыптастыратынын атап өтті. Атырау­дан арнайы келген Исатайдың бесінші ұрпағы Ғазиз Шамақов осынау игілікті істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Туындының ­авторы – өңірге белгілі суретші-мүсінші ­Аяпберген Қарпықов.

    http://anatili.kazgazeta.kz/?p=33076

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті