Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ақтөбе облысында Әбілқайыр ханның мемориалдық кешені ашылды

05.10.2015

Ақтөбе облысында Әбілқайыр ханның мемориалдық кешені ашылды

 
      Аймақта Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Әйтеке би ауданында Кіші жүздің ұлы ханы, жоңғарлардан азат ету күресінде біріктірілген қазақ халқы жасақтарына қолбасшы болған Әбілқайыр хан жерленген «Хан моласы» ортағасырлық қорымында қазақтың ең атақты хандарының біріне арналған мемориалдық кешен ашылды.

    Әбілқайыр хан бабаларының бастауымен қазақ жауынгерлері Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.

      1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды.

    Ақтөбеде мерейтойды атап өту барысында Әбілқайыр ханның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі, қолданбалы өнер шеберлерінің халықаралық жәрмеңкесі, фотокөрме, аймақтық ақындар айтысы, ғылыми конференция, Сайрам шайқасының қатысушысы, батыр Тілеу Айтұлына арналған ескерткіштің ашылу салтанаты болып өтті. 

      Әйтеке би ауданындағы Толыбай ауылында елдің бірнеше аймағынан жиналған фольклорлық ансамбльдер фестивалі өтті, этноауыл ашылды, концерттер, ат спорты жарысы және халық жарыстарының басқа түрлері өтіп, Әбілқайыр ханның мұражайы ашылды. 

         Мемориалдық кешеннің ашылуына елдің көптеген аймақтарынан, көршілес Ресейден қонақтар, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, хан ұрпағы жиналды. 

        Шара барысында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚР Парламент Сенатының депутаты Елеусін Сағындықов, Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, ҚР Ұлттық мұражай директоры Дархан Мыңбай, жобаның бас сәулетшісі Бек Ыбыраев және тағы басқалары сөз сөйледі.

        http://www.inform.kz/kaz/article/2824899

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті