Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Алматы туры-2015»: Мықты командалар жиналғандықтан жеңіске жету оңай болмады - Алексей Луценко

05.10.2015

«Алматы туры-2015»: Мықты командалар жиналғандықтан жеңіске жету оңай болмады - Алексей Луценко

 
          Биылғы «Алматы туры» веложарысы өткен жылғы жарысқа қарағанда қиынырақ болды. Өйткені, мықты командалар, мықты велошабандоздар жиналды, деді жарыс соңында журналистерге берген сұхбатында «Алматы туры-2015» веложарысының жеңімпазы - «Astana Pro Team» командасының велошабандозы Алексей Луценко. 

      «Биылғы жарыс өткен жылғы жарысқа қарағанда ауыр болды. Өйткені, мықты командалар, мықты велошабандоздар жиналды. Бұл тек менің ғана жеңісім емес, бүкіл команданың жеңісі. Мені осы «Astana pro team» командасы өсірді, жетілдірді. Сондықтан, бұл жеңіс барлығымызға ортақ», - деді А. Луценко.

       Сонымен қатар, ол мәреге 25 шақырым қалғанда негізгі топтан сытылып шығып, кейін жалғыз өзінің алға шабуыл жасауының себебін түсіндірді.

      «Бұл жағдай осы жарыс барысында орын алды. Әзербайжанның Баку командасының шабандозы мәреге 25 шақырымдай қалғанда алға ұмсынды. Мен де алға ұмтылдым. Сөйтіп, екеуміз негізгі топтан бірге сытылып шықтық. Ол кейін артта қалып қойды. Мен жеке-дара көш бастадым. Содан біртіндеп жылдамдықты үдете түсіп, мәреге дейін екі минуттай уақыт ұттым», - деді А. Луценко.

          «Команданың көшбасшысы болуға дайынсың ба?» - деген сұраққа Алексей дайын екендігін жеткізді.
         «Мен тіпті алдағы жылдың өзінде қандай да бір халықаралық жарысқа команданың көшбасшысы ретінде қатысуым да мүмкін. Мұны енді команда басшылығы шешеді», - деді А. Луценко.

       Айта кетелік, «Astana Pro Team» командасының велошабандозы Алексей Луценко Халықаралық «Алматы туры» веложарысында осымен екінші рет жеңісе қол жеткізді. Оның көрсеткіші - 4 сағат 13 минут 09 секунд. 
     Ал өткен жылғы жарыста ол 186 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 12 минут 17 секунтда басып өткен болатын.

     http://www.inform.kz/kaz/article/2824838

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті