Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Бүгін Астанада Патриоттар форумы өтеді

05.10.2015

Бүгін Астанада Патриоттар форумы өтеді

       Бүгін сағат 10:00-де Астанадағы "Қазақстан" концерт залында "Мәңгілік ел - болашақтың біртұтас ұлты" деген айдармен патриоттар форумы өтеді. 

      Форум жұмысына Қазақстанның барлық өңірінен 2 мыңнан астам делегат келіп қатысады деп күтілуде. Олар өз істерінің нағыз шеберлері: дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп, ауылшаруышылық саласының мамандары, табысты кәсіпкерлер, ғалымдар, жастар көшбасшылары, қоғам қайраткерлері, спортшылар, дарынды актерлар, мәдениет қайраткерлері.

       Айта кетейік, Патриоттар форумы 2007 жылдан бері еліміздің әр өңірінде өткізіліп келеді. Биылғы форум Елбасының «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына арналып отыр.

      Форум барысында "Жыл патриоты" байқауының үздіктері анықталады. Жеті номинацияы бойынша жүргізілетін байқау барысында батылдығымен, ерлігімен, тапқырлығымен, отанына деген сүйіспеншілігімен көзге түскен патриоттар марапатталады.

         Сонымен қатар, аталған форум кезінде ҚХА-ның "Үлкен мемлекет - үлкен отбасы" жалпыұлттық жобасы бастау алады.

           Baq.kz

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті