Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Жаңғақ тал» фильмі Польшадағы байқауда бақ сынайды

05.10.2015

«Жаңғақ тал» фильмі Польшадағы байқауда бақ сынайды

         Ш.Айманов атындағы «Казақфильм» кинокомпаниясы түсірген «Жаңғақ тал» көркем фильмі 9-18 қазан аралығында Польша астанасында өтетін ХХХІ Халықаралық Варшава кинофестивалінің Free Spirit Competition («Свободный дух») байқауына қатысады.

         Туындының режиссері - «Аңшы бала» фильмімен танымал Ерлан Нұрмахамбетов.

      Кинокартина Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында түсірілген. Сатиралық жанрдағы фильмді түсіруге бір айдай уақыт кеткен. Онда қарапайым отбасының арасындағы қарым-қатынастар суреттеледі. Фильмдегі басты рөлдерді жергілікті театрлардың актерлары мен «Шаншар» театрының артистері сомдаған.

       «Свободный дух» байқауында әлемнің 12 елінен талантты режиссерлердің 14 картинасы ұсынылып отыр. Фильмдерді бағалайтын әділ қазылар алқасының құрамына венгр режиссері Бенс Миклаузич, неміс мәдени теоретигі Андреас Строл мен поляк режиссері, сценарист Бодо Кокс бар.

         ХХХІ Халықаралық Варшава кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына әлемнің 57 елінен барлығы 90 көркем фильм, 18 деректі фильм, 3 анимациялық және 66 қысқа метражды фильм көрсетіледі деп күтілуде.

          Айта кетейік, фестиваль 1985 жылдан бері ұйымдастырылып келеді және ол Польша мен Шығыс Еуропа өңіріндегі ең ауқымды шара болып табылады.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті