Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Түркі дүниесі әдебиет институттары басшылары кеңеспекші

05.10.2015

Түркі дүниесі әдебиет институттары басшылары кеңеспекші

Түркі дүниесі әдебиет институттары басшылары кеңеспекші

 
     5 қазан күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен түркі дүниесі әдебиет институттары басшыларының жиыны өтеді.

          Бұл туралы Халықаралық түркі академиясының баспасөз қызметі хабарлады.
        Түркі әлемінің Ұлттық ғылым академиялары одағы аясында  өтетін жиында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Астанада өткен Түркі кеңесінің 5-ші Саммитінде берген тапсырмасы бойынша қолға алынып жатқан «Аталар мирасы» ғылыми жобасы, сонымен қатар «Ортақ түркі әдебиеті» оқулығының тұжырымдамасы талқыланып, шешім қабылданады. Аталған жобаларды іске асыру үшін әдебиет институттары арасында әріптестік жөніндегі келісімге қол қойылады деп күтілуде.
       Басқосуға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Татарстан және Қазақстан Республикаларының іргелі ғылыми-зерттеу ұйымдары басшылары қатысады.
            ҚазАқпарат

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті