Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Түркияда «Altsn Şafran» деректі фильмдер халықаралық кинофестивалі өтеді

05.10.2015

Түркияда «Altsn Şafran» деректі фильмдер халықаралық кинофестивалі өтеді

       Түркияның Сафранболу қаласында 9-11 қазан күндері XVI «Altsn Şafran»  деректі фильмдер халықаралық кинофестивалі өтеді.  Оған Қазақстан атынан «Түркі әлемі» халықаралық телестудиясының  директоры, жазушы Доқтырхан Тұрлыбек қатысады.    

     «Дәстүрлі бұл фестивальге биыл тұңғыш рет ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдер де қатысады екен. 26 түркі тілдес халықтардың өкілдері қатысатын бұл шараға  мен автор әрі режиссер ретінде 2013 жылы жарыққа шыққан «Әйтеке бидің ақ жолы» деркті фильмімді апарғалы отырмын.  Онда үздік  шыққан туындылар ағылшын, испан және 26 түркі тілдес  халықтардың тілдеріне аударыла екен.  Қазақ хандығының 550 жылдығы кезінде тарихымызды бүкіл түрік әлеміне паш етіп жатсақ оның өзі үлкен бір шаруа емес пе»,  – дейді Доқтырхан Тұрлыбек.

      Әйтеке Бәйбек ұлы туралы ең алғашқы бұл кинокартинаның түсіру жұмыстары Қазақстан мен Өзбекстанда 6 жыл бойы жүргізілген көрінеді. Онда 19 жыл Хан кеңесіне мү­ше болған әйгілі  бидің өмірі мен қайраткерлігі, шешендігі туралы деректер келтіріледі..

         XVI «Altsn Şafran»  деректі фильмдер халықаралық кинофестивалінің тәртіб бойынша оған соңғы 4 жылдың ішінде түсірілген деректі фильмдер ғана қатыстырылады. Фестиваль байқауы «кәсіпқойлар» және «әуесқойлар» арасындағы 2 жіктелім бойынша өтеді. Іріктеуден өткен фильмдер қалалық және Қарабюк» университетінің  телеарналарынан көрсетілетін болады. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті