Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстанда «Мәңгілік ел» телеарнасын құру ұсынылды

05.10.2015

Қазақстанда «Мәңгілік ел» телеарнасын құру ұсынылды


       ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Қазақстанда «Мәңгілік ел» телеарнасын құруды ұсынды.

      «Қазақ мемлекеттілігінің терең тарихына талдау жасап, тәуелсіз Қазақстан халқын бір мақсатқа жұмылдыратын Жалпыұлттық идея, Ұлы Дала кеңістігіндегі «Мәңгілік ел» стратегиясының 2050 жылғы даму бағдарламасы - ұлтымыздың жарқын болашағы. Ұлттық идея ретінде тарату үшін Қазақстан Халқы Ассамблеясы атынан алдағы уақытта осыны халыққа мейлінше жеткізу, барлық ұрпаққа жеткізу, тек қана өзіміздің мемлекетте ғана емес, көрші елдерге де, басқа алыс елдерге жеткізу мақсатында арнайы «Мәңгілік ел» бағдарламасын немесе «Мәңгілік ел» телеарнасын жариялап, жұмыс істетуге ұсыныс жасағым келеді», - деді ол бүгін Астанада «Мәңгілік ел - болашағы біртұтас ел» атты патриоттар форумында.

     «Арманына еліміз қол жеткізді. Бұл мыңдаған жылдар көксеген арманымыз, тәуелсіздігіміздің жемісі - Елбасымыздың жеңісі болды. Мыңжылдық тарихымызда біздің бабаларымыз талай қиындық көрді, жанқиярлықпен тәуелсіздікті аңсады, соның жолында құрбан да болды. Еркін ел болу бақытын, тәуелсіздікті, ұлттың, халықтың ынтымағын жасампаздық игілігіне жарату - біздің бүгінгі патриоттық, отаншылдық борышымыз. Елбасының стратегиялық көрегендігі мен реформаторлық таланты еліміздің тәуелсіздік дәуірінде қарыштап дамуын қамтамасыз етуде», - деп атап өтті Қ.Сұлтанов.  

       Оның айтуынша, болашақты қалау, жарқын келешекке қол жеткізу тек елдің бірлігі арқасында, бір идеяның маңында топтасудың нәтижесінде ғана болады.

      «Осы ұлы жорықта барлық ел азаматтары үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сенімді тірегі әрі көмекшісі болуымыз - барлығымыздың абыройлы, патриоттық борышымыз. Жасасын Қазақстан!», - деп түйді сөзін депутат. 

     http://www.inform.kz/kaz/article/2825046        

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті