Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыдағы кинофестивальде әлемнің 30-ға жуық елінің жастарының туындылары көрсетіледі

12.10.2015

Алматыдағы кинофестивальде әлемнің 30-ға жуық елінің жастарының туындылары көрсетіледі

         21-25 қазан аралығында Алматыда студенттік және дебюттік фильмдердің V халықаралық кинофестивалі өтеді. Жыл сайынғы бұл кино мерекесін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Tanaris Production» кинокомпаниясы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды қалалық мәдениет басқармасынан. 

    Кинофестивальдің мақсаты - Еуропа мен Азияның жас кинематографистерінің өзара ынтымақтасуы, олардың еңбектерін қолдап, дамыту, түрлі жанрдағы кинофильмдерді түсіруге деген қызығушылықтарын арттыру. 

     Биылғы жылы «Бастау» фестивалінің бағдарламасына әлемнің 30-ға жуық елінен келген кино мектептерінің студенттерінің ойын және деректі туындылары енгізілген. 

    Бес күнге жалғасатын шарада фильмдер көрсетілімімен қатар, кино мектептерінің тұсаукесерлері өткізіліп, танымал кинематографистермен дөңгелек үстелдер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. 

     Еске салайық, байқауға 18-35 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысу үшін 2015 жылғы 20 қазанға дейін өтініш жіберу керек. Байқау талаптары бойынша сұрақтарды tanaris.prod@gmail.com поштасына жолдауға болады.

    http://www.inform.kz/kaz/article/2827266

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті