Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Зергерлік өнер» көрмесі болады

12.10.2015

«Зергерлік өнер» көрмесі болады

      Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 13 қазанында Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында «Зергерлік өнер» атты көрменің ашылуы болады.

      Қазақ хандығының құрылуы – бұл Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу және Түркістанның кең байтақ аймағындағы әлеуметтік-экономикалық үдерістердің заңды нәтижесі болып табылады. 1465 жылы Керей және Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрып, ол XV ғасырда мемлекеттік құрылым болып келесі ғасырларда халықтың шоғырлануын, этникалық аймақтың тұтастығын, халықтың көп ғасырлық мәдениетінің дамуын қамтамасыз етті.

      Қазақ хандығы заманынан бері қолөнер кәсібінің дамуында зергерлік өнердің орны ерекше болды.

         «Зергерлік өнер» көрмесіне «Әдемі-Ай» өнер музейінің топтамаларынан сирек кездесетін зергерлік бұйымдар қойылады. «Әдемі-Ай» өнер музейінің негізін 2011 жылы танымал коллекция жиюшы, өнер танушы Бахаргүл Төлеген қалады. Бүгінгі таңда музей экспозициясының қоры мыңнан астам экспонаттардан  тұрады. Олардың арасынан ж.с.д. І-ІІІ ғасырларға жататын Құшан патшалығына тән археологиялық жәдігерлерді және VI-ХII ғасырлардың тарихи бағалы туындыларын көруге болады. Көрмеге 13 жылдан бері тарихи-мәдени құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді жандандырумен айналысып келе жатқан «Әдемі-Ай» компаниясының Қазақ хандығының 550 жылдығына  арнайы дайындаған сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен ұлттық кәдесыйлары да қойылады

      Музей мен топтамалардың негізін қалаушы Бахаргүл Төлеген – танымал коллекция жиюшы-этнограф және Қазақстандағы түркі халықтарына тән сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдардың жалғыз жеке музейінің иесі. Ол қазақ ұлтық кәдесыйларын шығаратын «Адеми-Ай Рlus» компаниясының президенті.

         Данышпандар: «өнердің төресі – бұл мәңгілікке сақталған уақыттың бейнесі»,-деген. Бұған зергерлік өнердің хас шеберлерінің баға жетпес туындыларын тамашалау арқылы көз жеткізуге болады. Барлық әшекейлер қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты және тамыры мыңдаған жылдарға бойлайтын ұлттық мәдениеттің дамуын көрсетеді. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті