Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда Орталық Азияның тарихы талқыланады

12.10.2015

Алматыда Орталық Азияның тарихы талқыланады

      Алматы қаласында 13-қазанда Халықаралық Түркі академиясы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты мен ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлесіп «Орталық Азиядағы тарихнама және деректер: өткені, бүгіні және болашағы туралы жаңа зерттеулер» атты халықаралық семинар-практикум өткізеді. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі хабарлады.  

      Алқалы жиын Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеумен орайлас өтіп жатқанымен маңызды. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде өтетін семинар-практикумға бірқатар мемлекеттерден білікті тарихшылар қатысып, Орталық Азия және жалпы түркі тарихын зерттеудегі өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасайды. 
Атап айтқанда, халықаралық семинар-практикумның жұмысына Халықаралық Түрік академиясының президенті Д.К. Қыдырәлі, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Каған Йылмаз, А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті У.С. Әбдібеков, А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бірінші вице-президенті М. Куталмыш, А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры Н. Шимшек, ҚР БҒМ ҒК Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Х.М. Әбжанов, Йедитепе университетінің профессоры А. Ташагыл, ҚР ӘҒА академигі Қ.Т.Жұмағұлов, Әзербайжан мемлекеттік экономикалық университетінің профессоры А.Сеидов, Татарстан Республикасы ҒА Ш. Марджани атындағы Тарих институтының профессоры М.М. Гибатдинов, Стамбул университетінің профессоры Ж. Ераслан, Муғла Сыткы Кочман университетінің доценті Мустафа Гөкче, Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры Т. Чоротегин қатысады деп күтілуде.
      Сонымен қатар, жиын барысында Халықаралық Түркі академиясы мен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты басып шығарған жаңа кітаптар көпшілікке таныстырылады.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті