Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Таразда Қазақ хандығының мерейтойына орай айтыс өтті

12.10.2015

Таразда Қазақ хандығының мерейтойына орай айтыс өтті

10 10 - aitis 1

      Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жыр алыбы Жамбыл елінде өтіп жатқан «Мәңгілік ел» халықаралық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

       Екі күнге созылған сөз сайысында Қазақ хандығының терең тарихы, хандар мен батыр-билердің қайталанбас ерліктері, бүгінде қоғамды толғандырып отырған мәселелер жыр болып төгілді.

      Сөйтіп бұл аламан айтыстың алғашқы күнінде-ақ бас жүлде Алматы облысының айтыскері Болатбек Оразбаев пен павлодарлық Аспанбек Шұғатаевқа бұйыратынын елдің іші сезді. Өйткені сайыстың алғашқы күнінде-ақ қазылар алқасы тарапынан ең жоғары баға алған екі жас перінің сөз саптасына халық шынында қатты риза болды. Содан болар Болатбек те, Аспанбек те сайыстың екінші күні сахнаға көтерілген жоқ. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бірінші орынды бөліскен бұл екі жас ақынның әрқайсысына 2,5 миллион теңгені салтанатты түрде тапсырды. Ал, екінші орынға табан тіреген астаналық Иранғайып Күзенбаевқа 2 миллион теңге бұйырды. Үшінші орын алған Айбек Қалиев (Қостанай) пен Мейірбек Сұлтанхан (Астана) әрқайсысы 650 мың теңге сыйақы алды. Бұдан бөлек 8 айтыскер ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

        Осылайша Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары екі күн бойы жыр жарысын тамашалап, суырыпсалма ақындардың сөз шеберлігі мен тапқырлығына риза болып, бір серпіліп қалды.

            Оралхан Дәуіт.

                Дерек: egemen.kz.

               Сурет: Алтынбек Қартабай.

10 10 - aitis 2

10 10 - aitis 3

10 10 - aitis 4

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті