Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Австрия қазақ қоғамының бұрынғы төрағасы Қызырхан Шолпан мерекелік медалмен марапатталды

12.10.2015

Австрия қазақ қоғамының бұрынғы төрағасы Қызырхан Шолпан мерекелік медалмен марапатталды

     Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бүгін Алматыда Австрия қазақ қоғамының бұрынғы төрағасы Қызырхан Шолпанды «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Бұған дейін бұл марапатты Талғат Асылұлы 6-қазанда Тараздағы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатысуға келген делегация құрамындағы Моңғолиядағы қазақ мәдени орталығының төрағасы Хабсаттар Омар мен Германиядан келген кәсіпкер Өмірхан Алтынға табыс еткен болатын.         

      Жалпы ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі Түркиядан Қазақ-түрік білім және зерттеу қоғамының төрағасы Фарух Аксел, Ресей қазақтарының федералдық мәдени автономиясының төрағасы Тоқтарбай Дүсенбаев, Мәсекеу қаласындағы «Мұрагер» қазақ қоғамының төрағсы Ерназар Нұриев, Қытай елінен  профессор Сұлтан Жанболатов, Қырғызстандағы «»Алаш» қазақ қоғамының бұрынығ төрағасы Еркін Бөлекбаев, Өзбекстандағы облыстық «Нұрлы жол» газетінің тілшісі Марат Арынов сияқты азаматтарға беріліп отыр. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті