Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Таразда археологтар алтын және күміс заттардың ежелгі қазынасын қазып алды

13.10.2015

Таразда археологтар алтын және күміс заттардың ежелгі қазынасын қазып алды


       Ежелгі Тараз қалашығын қазуда 97 алтын және күміс заттар табылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры, танымал жамбылдық тарихшы Тәкен Молдақынов мәлім етті.

        «Ежелгі қалашықты қазу аумағында 2,5 метр тереңдіктен «Қазархеология» ЖШС жұмысшылары 97 қымбат заттар салынған қыш құмыра тауып алды, - деп әңгімеледі Т.Молдақынов. - Бұлар негізінен әйелдер әшекейлері, сырға, алқалар, әйелдер қамзолдарын әшекейлейтін ұсақ металдар, құймалар, сондай-ақ үлкен білезіктер. Екі алтын және алты күміс білезік қымбат тастармен безендірілген».

      Т.Молдақыновтың айтуынша, барлық табылған заттар мұқият есептеліп, суретке түсіріліп алынған және құжатталған. «Сірә, бұл жасырылып көмілген қазына болса керек. Құмыра жарылып, бүлінген, бірақ ішіндегі заттары сақталып қалған», - деп түсіндірді тарихшы, оның пікірінше, табылған олжа ХІІ ғасырдағы Қараханидтер дәуіріне жататын болуы мүмкін, бұл ежелгі Тараздың гүлденген кезі. Қазір олжа Алматыда зертханалық зерттеуден өткізілуде.

       Сонымен қатар қалашықты қазуда үлкен ежелгі ыдыстар да табылған. Таразда саз топырақты жыныстар мол, бұл әсіресе қыш ыдыстар жасауда өте бағалы. Сондықтан да мұнда қыштан көптеген заттар жасалған. Табылған жәдігерліктер  жаңғыртылып, жаңа «Ежелгі Тараз» мұражайынан лайықты орын  алмақ. Ең бастысы, табылған ежелгі қала ғимараттарының іргетасы мен қабырғалары Ұлы Жібек жолы бойында дамыған қала өмір сүргенін дәлелдейді, бұл туралы тарихи құжаттар да бар», - дейді Молдақынов.

       Еске сала кетейік, Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу кезінде республикалық маңыздағы тарихи ескерткіш - «Ежелгі Тараз» археологиялық паркі ашылды, оның аумағында бақылау мұнарасы, «Тараз саздары» стеласы, «Мыңбұлақ» гүлзары орналасқан. «Ежелгі Тараз» паркі облыстың халықаралық туристік бренді болмақ, бұл нысан ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік көрмесіне келетін қонақтар болатын орындар қатарына енгізілді.   

      http://www.inform.kz/kaz/article/2827696

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті