Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 70-інші маусымы ашылады

13.10.2015

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 70-інші маусымы ашылады

      Алматыдағы Ғ. Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық балалар  мен  жасөспірімдер  театрында 14-қазанда 70-театр маусымы ашылады. Онда алдымен 12.00-де халық ертегілерінің желісімен жазылған «Алтын мүйізді киік» ертегісінің премьерасы болады. Оның авторы және  режиссері Еркін Әбдірешов. Одан кейін 18.30-да Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған М.Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» поэтикалық дастанының премьерасы қойылады.

         Өнер ордасы бұл маусымды биыл жалпы үлкен жаңалықпен бастағалы отыр.  Ғ. Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық балалар  мен  жасөспірімдер  театры – «АССИТЕЖ» Балалар мен жасөспірімдерге арналған театрлардың халықаралық қауымдастығының Қазақстандағы орталығы болып жарияланды. Әлемнің 83 мемлекеті қатысатын бұл ұйымға Қазақстанның өнер ошақтары 84-ші болып қабылданды. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті