Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Тәуелсіздік тағылымы ұлттық ойын арқылы ұлықталды

13.10.2015

Тәуелсіздік тағылымы ұлттық ойын арқылы ұлықталды

     «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі ел тәуелсіздігінің тағылымын мектеп оқушылары арасында ұғындыра түсу мақсатында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 29 жылдығына орай Алматы қаласы оқушылары арасында тоғызқұмалақтан турнир өткізді.

       Алматы қаласы бойынша тоғызқұмалақтан аға төреші Әлімжан Қыдырбаевтың басшылығымен №1 оқушылар үйінде өткен турнирге қазақтың ұлттық ойынын жете меңгерген өрендер қатысты. Ұлдар және қыздар арасынан суырылып шыққан үздіктер бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдармен марапатталды. Ұл балалар тобынан Асылхан Жұмабек, Ернұр Жәкен және Нығметолла Идеятолла алғашқы орындарды иеленсе, қыздар тобы арасынан Әйгерім Әлімжан, Айнұр Кербесбай мен Жансая Атабаевалар үздіктер қатарынан табылды.

       Аталған жарыстың мақсаты мен тәуелсіздік тағылымы турасында және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 29 жылдығына орай өткен шараның мән-маңызы жайында «Желтоқсан қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлыбек Қуаңбаев пен Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, ақын Маралтай Райымбекұлы ойларын ортаға салды.

      Аталған шара Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған іс-шараларды өткізу» жобасы аясында өткізілді. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті