Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қытайдағы этникалық қазақтардың соттылығы туралы мәселе халықаралық келісімшартпен шешілуі тиіс - Г. Сейтмағанбетова

14.10.2015

Қытайдағы этникалық қазақтардың соттылығы туралы мәселе халықаралық келісімшартпен шешілуі тиіс - Г. Сейтмағанбетова


   Қытайдағы этникалық қазақтардың соттылығы туралы анықтама мәселесі халықаралық келісімшартпен шешімін табуы тиіс. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Гүлнәр Сейтмағанбетова мәлім етті. Еске салайық, жалпы отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдаған еді.

        «Жалпы оралмандар мәселесінде Қытайдағы қазақ қандастарымыздың көтеріп жүрген екі мәселесі бойынша қосымша ақпарат бергім келеді. Бірінші - шыққан мемлекеттің келісімі бойынша (Қазақстанға келгісі келетін Қытайдағы этникалық қазақтар үшін аталған мәселе өзекті болып табылады-ред.).  Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттардың бірнеше дүркін көтерген мәселесінің негізінде бұл анықтама Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 7-сәуірдегі №315 қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты тізімінен алынып тасталды. Яғни, ол шешімін тапты. Екіншіден, жұмыс тобының тапсырмасымен Ішкі істер министрлігі Қытайдан қоныс аударған этникалық қазақтардың соттылығы туралы анықтама алу жөніндегі мәселені Қытайдағы Қазақстан елшілігі арқылы зерделеді. Нәтижесінде өтелмеген соттылығы бар адамдардың елден шығуына байланысты мәселе терең зерттеуді қажет ететіні анықталды. Министрлік алдағы уақытта Қазақстандағы Қытай елшілігімен кездесіп, осы мәселе бойынша жұмысты одан ары жалғастыруы қажет», - дейді Мәжіліс депутаты Гүлнәр Сейтмағанбетова.

       Сонымен қатар, депутат бұл мәселеге қатысты мынаны нақты атап өтті: «Бұл мәселе заң арқылы емес, Қазақстан мен Қытай аарсындағы халықаралық келісімшарттар арқылы немесе мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық құжаттары арқылы реттелуі керек. Заңға бір мемлекеттің анықтамасы жөніндегі норманы біз енгізе алмаймыз», - деп түсіндірді ол. 

         http://www.inform.kz/kaz/article/2828199

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті