Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтарға азаматтық жеңілдетілген тәртіппен беріледі

14.10.2015

Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтарға азаматтық жеңілдетілген тәртіппен беріледі

 
         Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақ студенттеріне азаматтық жеңілдетілген тәртіппен берілетін болады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Гүлнәр Сейтмағанбетова мәлім етті. Еске салайық, жалпы отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдаған еді.

      «Құжатты екінші оқылымға әзірлеу барысында депутаттар тарапынан бірқатар түзетулер енгізілді. Мәселен, шетелдердегі дарынды этникалық қазақ жастарының елімізге келуін және Қазақстан азаматтығын алуын ынталандыру мақсатында Қазақстандағы жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақ студенттеріне жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу құқығы ұсынылып отыр. Бұдан бөлек, Қазақстанда тұратын оралмандар мен шетелдіктерге визаны ұзарту мәселесін жеңілдететін, яғни визаны ішкі істер органдары арқылы ұзартуға мүмкіншілік беретін нормалар қабылданды. Бұрын қандастарымыз өз визаларын өздері келген мемелкеттеріне қайта барып қана ұзартатын еді», - дейді Мәжіліс депутаты Гүлнәр Сейтмағанбетова.

      Оның айтуынша, отбасыларын біріктіру мақсатында шет елдерде тұратын этникалық қазақтардың арасындағы туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстандыру үшін азаматтардың шақыртуларын қарайтын және куәландыратын құзырет жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Оралмандардың Қазақстанда тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу кезіндегі кейбір кедергілер де жеңілдетілген.

   «Атап айтқанда, бұрын бір рет құқық бұзған жағдайда оралмандарға рұқсат берілмесе, енді заң жобасымен бірнеше рет құқық бұзушылық болған жағдайда ғана рұқсат берілмейтіндей норма ұсынылып отыр. Оралмандардың Қазақстан азаматтығын алғанға дейін Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің (ЖСН) болмауынан балаларын мектепке, балабақша орналастыруда, емхана мен ауруханаларда тіркелуге, зейнетақы жарналарын және  әлеуметтік төлемдерді аударуда қиындықтар болып тұрған. Осыған орай, енді ЖСН оралман мәртебесін алған күннен бастап берілетін болып отыр. Яғни, оралман куәлігі ЖСН бар құжаттар тізбесіне енгізілмекші. Оралмандарға қызметтік немесе жеке тұрғын үйі болмаған кезде оларды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, білім беру мекемелерінің жатақханаларына уақытша тіркелу құқығы берілетін болды», - дейді  депутат Гүлнәр Сейтмағанбетова.

    http://www.inform.kz/kaz/article/2828192

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті