Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ұлттық спорт түрлерінен ІV фестиваль басталды

15.10.2015

Ұлттық спорт түрлерінен ІV фестиваль басталды

   
       14 қазанда Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен ІV фестиваль басталды, деп хабарланған Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының сайтында.

     Фестиваль спорттың 13 түрінен өтеді. Шараның ашылу салтанаты 16 қазанда сағат 17:00-ге жоспарланып отыр.

Ұлттық спорт ойындарының өтетін орны мен бағдарламасы төмендегідей:

Қазақ күресі  - «Еуразия» спорт кешенінде;
Тоғызқұмалық - «Мұз айдыны» спорт кешенінде;
Асық ату - «Нұрсәт» теннис орталығында;
Ат спорт түрлері: көкпар, теңге ілу, аударыспақ - атшабарда;
Бәйге түрлері: құнан бәйге (7 шақырымдық), аламан бәйге (25 шақырымдық), топ бәйге (16 шақырымдық) -  атшабарда;    
Жамбы ату - атшабарда;
Құсбегілік - атшабарда;
«Керемет сәйгүлік» байқауы  -  атшабарда;
«Сәнді киіз үй» байқауы  - орталық алаңда өтеді.

      Фестивалдың алғашқы сайысы көкпар ойынымен басталды. Оған Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 14 команда қатысуда. Жеребе бойынша командалар 4 топқа бөлініп, топтық кезеңдерде бәсекеге түсуде.

     14 қазанда алғашқы болып сайысқа Жамбыл облысының командасымен Ақмола жігіттері сайысты. Дайындығы күшті жамбылдықтар солтүстік көкпаршыларын оңай еңсерді. Қалған командалар есебі төмендегідей:

1. Жамбыл обл. - Ақмола обл.- 10:4
2.  Ақтөбе обл.  - Алматы қ.- 0:6
3. ШҚО - Атырау обл.- 1:2
4. Қарағанды обл. - Алматы обл.-1:5
5.  Астана қ. - Маңғыстау обл.- 1:5
6. ОҚО - СҚО - 9:2


Алдағы күндерге ойындар кестесі:

15.10.2015 ж.

9.00-10.00 Жамбыл обл.- Ақтөбе обл.
10.00-11.00 Ақмола обл. - Алматы қ.
11.00-12.00 ШҚО - Қарағанды обл.
12.00-13.00 Атырау обл.-Алматы обл.
13.00-14.00 Астана қ. - Қызылорда обл.
14.00-15.00 ОҚО-БҚО

16.10.2015 ж.

9.00-10.00 Жамбыл обл.- Алматы қ.
10.00-11.00 Ақтөбе обл. - Ақмола қ.
11.00-12.00 ШҚО - Алматы обл.
12.00-13.00 Қарағанды обл.- Атырау обл.
13.00-14.00 Қызылорда обл. - Маңғыстау обл.
14.00-15.00 БҚО-СҚО

     Еске салайық, дүбірлі додаға Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 2000-ға жуық спортшы қатысады.

        http://www.inform.kz/kaz/article/2828509

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті