Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының реперуары «Райымбек! Райымбек!» поэтикалық дастанымен толықты

15.10.2015

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының реперуары «Райымбек! Райымбек!» поэтикалық дастанымен толықты

     Алматыдағы Ғ. Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық балалар  мен  жасөспірімдер  театры 14-қазанда 70-маусымын ашты. Өнер ордасы бұл жолы өз көрермендерінің назарына 2 бірдей жаңа қойылымын ұсынды. Соның біреуі театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген артисі Мұрат Ахмановтың инсценировкасымен жасалған Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» поэтикалық дастаны болды. Қоюшы-суретшісі «Серпер» сыйлығының иегері Қарлығаш Шалабаева, музыкамен көркемдеуші және балатмейстер ҚР Мәдениет қайраткерлері Қарлығаш Исаева мен Талант Қылышбаев. Сахна тілі маманы Т.жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академисяның профессоры Дариға Тұранқұлова, хормейстері Ғалымжан Берекешев, сахна сайыстарын қойған Мақсат Рахмет, режиссердің ассистенті Ерлан Кәрібаев, ал көмекшісі Әлия Әбсаттарова.          

     Мұқағали Мақатаевтың бұл шығармасымен мектеп бағдарламасынан таныс көрерменді қойылымның иіріміне түсіру үшін қоюшы-режиссер М.Ахманов барынша күш салғаны бірден аңғарылады. Сахна декарациясындағы әрбір өзгеріс кейіпкерлердің қимыл-әрекетімен шебер жымдастырылып, бір-бірін толықтырып тұрғанына еріксіз тәнті   боласың. Азаттық жолындағы арпалысқа толы кезеңде 13 жасынан бастап атқа қонып, өз атын өзі ұрандаған Райымбек Түкеұлының бозбалалық, жігіттік шағындағы ерлігі мен батырлығы отаншылдықты дәріптеудің жарқын  үлгісі бола алады. Қайсарлығы, тапқырлығы, батырлығы жас ұрпаққа тағылым бола алатын әйгілі тұлғаларымыздің есімін жаңғыртып, ерлігін дәріптеуде «Райымбек! Райымбек!» поэтикалық инцинировкасы тыңға түскен жаңа сүрлеудің басы болып жатса қанекей.  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті