Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | ШҚО-ның Омбыдағы көрмесі қазақ өнерінің үлкен мерекесіне айналды

15.10.2015

ШҚО-ның Омбыдағы көрмесі қазақ өнерінің үлкен мерекесіне айналды


      Қазақстан суретшілері Омбыда туған жерінің табиғатына, оның дарқан даласы мен биік тауларына, туған елдің дәстүрі мен салтына қатысты көзқарастарын паш етті.

      Омбыда «Саяхат» қазақстандық шеберлерінің кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашылды. Экспозиция «Ресей-Қазақстан. Достық көпірі - 3» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.

       160 жұмыстан, оның ішінде 43 Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) суретшілерінің еңбегінен тұратын көрмені  Невзоровтар жанұясы атындағы ШҚО бейнелеу өнері мұражайының қызметкерлері мен  омбылық «Либеров орталығы» қызметкерлері бірге безендірді.

        Көрменің ашылуы күнінде онда қонақ ретінде Қазақстан Республикасының Консулы Ильдар Қонаев, «Единая Россия» партиясы жақтастарының Омбы аймақтың үйлестіру кеңесінің төрағасы Анатолий Адабир мен оның орынбасары, «Наследие»  орыс тілін, өнері мен мәдениетін дамыту қорының басшысы Степан Ермола болды.

       Невзоровтар жанұясы атындағы ШҚО бейнелеу өнері мұражайының директоры Татьяна Стромскаяның ақпаратынша, көрменің ашылуына Қазақстан мен Омбының белгілі суретшілері мұражайда бас қосты.   «Шоқан жолы» қазақ дәстүрлерінің жаңғыруы» ұйымының белсенділері сияқты шараны ұйымдастыруға атсалысқан қоғамдық қазақ ұйымдарының өкілдері де болды.   Ұйымдастырушылар айтқандай, таныстыру қазақ мәдениетінің үлкен мейрамына айналды.  Қазақ тілінде әндер орындалып, қазақ әуендері шырқалды, дизайнерлер ұлттық нақышпен тігілген киім үлгісін көрсетті.  

        «Осы жұмыстарға қарай отырып, өнер әлеміне саяхат жасағың келеді. «Либеров-орталығы» басшылығына, «Шоқан жолы» қоғамдық ұйымына, ШҚО Мәдениет басқармасына және  Невзоровтар жанұясы атындағы мұражайға осындай көрмені ұйымдастырғандары үшін алғыс айтқым келеді, - деп атап өтті Омбыдағы ҚР Консулы Ильдар Қонаев. 

    http://www.inform.kz/kaz/article/2828612

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті