Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Берлинде Марат Бисенғалиевтің концерті өтті

19.10.2015

Берлинде Марат Бисенғалиевтің концерті өтті

    
    Жексенбінің кешінде Берлин филармониясында қазақстандық скрипкашы, халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Марат Бисенғалиевтің жеке концерті өтті.

    Сахна майталманы бас дирижер Лиор Шамбадалдың басқаруындағы Берлиннің симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

       Неміс жұртшылығы классикалық музыканы сүйсіне тыңдап, М. Брух, И. Брамс, сондай-ақ өзіміздің жерлесіміз Мұқан Төлебаев сынды композиторлардың шығармаларына жоғары баға берді.

     «Абай» және «Шәкәрім» сюиталарына ұзақ қол соқты. Бұл туындылардың авторы - британдық композитор, Британия империясының даңқ орденінің командоры Карл Дженкинс.

      Ағылшын маэстросы бұл туындыларды жазар алдында қолға алмақ ісіне өте жоғары жауапкершілікпен қарап, көшпенділердің өмірімен, мәдениетімен танысу үшін, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысу үшін елімізге арнайы келгені баршаға мәлім. 

       http://www.inform.kz/kaz/article/2829715

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті