Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты қызметкерлерінің жаңа зерттеу еңбектерінің тұсаукесері өтеді

19.10.2015

М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты қызметкерлерінің жаңа зерттеу еңбектерінің тұсаукесері өтеді

      Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында  20 қазанда М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкерлерінің «Дәстүр» және «Елтаным» баспаларында жарық көрген ғылыми зерттеулерінің тұсаукесері өтеді. Олар филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісімақованың: «Тәуелсіздік және Алаш ғылымы»;  «Жазған сөз жаным ашып Алашыма...»; «Қазіргі әдебиет пен әдебиетті зерттейтін қауым»; «Тәуелсіздік және Алаш әдебиеттануы»; «Қазіргі әдебиеттанудың теориялық мәселелері»; «Қазақ әдебиеттануындағы Тәуелсіздік идеясы»; «Қазақ әдебиеттануы» және филология ғылымдарының кандидаты, осы институттың аға ғылыми қызметкері Айсұлу Төреқұлқызының «Ахмет Байтұрсынұлы: «Әдебиет танытқыштағы» қазіргі әдебиет теориясы» кітаптары.

       Аталған кітаптарда қазақ әдебиеттануының бастаулары мен дамуы және оның басты теориялық мәселелері, ежелгі әдебиет үлгілерінің зерттелуі, Алаш әдебиеттануы, қазіргі әдеби байланыстардың теориялық негізі, бүгінгі абайтану мен алаштану, әлемдік әдебиеттану мен постмодернизм туралы кәсіби зерттеулер Тәуелсіздік кезең тұрғысынан тұңғыш рет жүйелі түрде сараланған. Кітапта әл-Фараби, Шоқан, Ыбырай, Абайдан басталатын қазақ әдебиеттану ғылымының негіздері, Алаш ғалымдары: Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабай, Қ.Кемеңгерұлы, Ы.Мұстанбайұлы, С.Сәдуақасұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Қ.Жұбанов, М.Тынышбаев, С.Ж.Аспандияров, Е.Бекмаханов, М.О.Әуезов, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, Т.Нұртазин, Қ.Жұмалиевтің әдебиеттанулық зерттеулері және әдебиеттанушылар Р.Сыздықова, З.Қабдолов, М.Мырзахметұлының ғылыми еңбектері Тәуелсіздік кезең тұрғысынан қарастырылған.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті